Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Басты рөлде Депардье ойнайтын Сталин туралы фильмді түсіру басталды

Португалияда «Сталиннің диваны» деп аталатын француз фильмін түсіру басталды. Фильмнің режиссері Фанни Ардан, бас рөлде ресейлік Жерар Депардье ойнайды.

zherar-depardie_c9c016

Бұл туралы Росбалт хабарлайды.

Реквизиттер мен шығармашылық ұжым үшін костюмдерді ресейлік «Мосфильм» киноконцерні берді. Депардье үшін френчті тарихи үлгілер бойынша француз тарабы тіктіруде.

Сценарий негізіне Жан-Даниэль Балтасстың «Сталиннің диваны» романы алынды. Сюжет бойынша жас суретші Данилов «Халықтар әкесі» монументінің жобасын талқылау үшін 1950 жылы кеңестік көшбасшының Грузиядағы құпия резиденциясына аттанады. Кеңес мемлекеті басшысымен кездесу алдында Данилов генерал Власиктің қатал сынынан өтуі тиіс болады.

Жобаны жүзеге асыруды Leopardo Filmes өз міндетіне алды. Фильмнің премьерасының өтетін күні әзірге хабарланған жоқ.

Талқылау