Балуан Екатерина Ларионова олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды (фото)
Рио олимпиадасында 63 келіге дейінгі салмақта күрескен қазақстандық Екатерина Ларионова жұбаныш белдесуі арқылы күресіп, олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.
Фото: Данияр Майлыбаев
Алғашқы айналымында есе жіберіп алған қазақстандық Екатерина Ларионова жұбаныш финалында қола үшін таласу мүмкіндігіне ие болған еді. Оның қарсыласы – Еуропа чемпионы беларус балуаныМария Мамашук финалдық бәсекеде жапондық Рисако Каваимен кездеседі.
Жұбаныш белдесуінде швециялық балуан Хенна Йонхенсонды 5:0 есебімен ұтты.
Ал қола медаль үшін болған тартыста АҚШ өкілі Елена Пирожковамен кездесіп, жеңіске жетті.
Бұл ел қоржынынан түскен 14-ші медаль. Бұған дейін 96 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ауыр атлет Ниджат Рахимов, 200 метрге брасс әдісімен жүзуде Дмитрий Баландин және 69 келі салмақта сынға түскен боксшы Данияр Елеусінов олимпиада ойындарының чемпионы атанды. Бұл спортшылардың барлығы олимпиада ойындарындағы тұңғыш жүлделерін иеленіп отыр.
Ал 60 келі салмақта дзюдошы Елдос Сметов, боксшы Василий Левит пенӘділбек Ниязымбетов және ауыр атлет (69 келі) Жазира Жаппарқұл олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Ел қоржынына қола жүлдені ауыр атлеттер Корина Горичева (63 келі),Фархад Харки (62 келі), Александр Зайчиков (105 келі) және еркін күрес шебері Эльмира Сыздықова (69 келі), дзюдошы Отгонцецег Галбадрах (48 келі) және жеңіл атлет Ольга Рыпаковалар салды. Осылайша Ольга Рыпакова Қазақстан тарихында жеңіл атлетикадан екі олимпиадада қатарынан жүлде алған алғашқы спортшы атанды.