Дүйсенбі
05.12.16
Алматы
14:32

Балиева балаларды Coca-Cola-ны ішпеуге үйретпекші

Бейсенбі, 17 Қараша , 2016 13:49

Астанада өткен “Бала мен кәсіпкерлік” тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысқан мәжіліс депутаты Зағипа Балиева ендігі жерде балалардың денсаулығы мен тамақ қауіпсіздігі саласында талмай еңбек ететінін айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20160421_01_30_18_28894

Депутат, кәсіпкерлер тиісті талаптарды орындау үшін балалар өз құқықтарын білуге тиісті дейді.

“Мысалы, печенье сатып алғанда “Е” деген әріптің болғаны дұрыс. Ол болмаса, печеньенің тамаша жарнамасына қарамастан, ата-аналар да, балалар да оны алмауы тиіс. Егер біз солай тәрбиелей алсақ, онда кәсіпкерлер де балалар алмаған тауарды сатуға алып келмейді. Әйтпесе, қап-қара печеньені көрсетеді де, балалар соған қарай жүгіреді. Ал оның қаншалықты пайдалы екенін ешкім білмейді. Сол сияқты “Coca-Cola”-ның да зиянын көрсетейік. “Coca-Cola ішпеңдер!” деп байбалам салғанша, оны ішпеуге үйреткен жөн. Сол кезде ғана бизнесмендер нарыққа таза пайдалы шырындарды әкеле бастайды”, – деді балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева.

Депутат сондай-ақ, қолдың сүтінің пайдасына да тоқталды.

“Менің өтінішімнен кейін Парламент мәдениет комитетіне 13 бағыт бойынша 180 млн. теңге бөлді. Келесі жылда әрбір жобаға – 20 миллионнан, одан кейінгі жылға – 10 миллионнан. Демек, мониторинг пен тексеріске ақша бар. Енді, бәрімізге бірігіп жұмыс жасау қажет”, – деп атап көрсетті Балиева xаным. Б

Отырыс барысында белсенділік танытқан Балиева, әрбір баяндамышаға пікір қосып, нақты шаруаларды қолға алу керек деп қайта-қайта үндеу тастап отырды. Ол сонымен қатар, жыл соңына дейін мектеп формасы, ойын алаңдары, құрал-жабдық қауіпсіздігі мәселелері бойынша нақты талаптар тізбегін әзірлеп шыққысы келетінін де жасырмады. Сосын аталған талаптар негізінде кәсіпкерлердің тауарларын да қатаң бақылауға алмақ.

“Сонымен, барлығымыз бірлесіп жұмыс істейтін боламыз. Енді, мен еліміздегі балалардың екінші анасы боламын. Бірден айтайын, менің мінезім бар. Ешкімге тыныштық бермеймін”, – деп атап көрсетті Балиева.

Оқи отырыңыз:

Назарбаев: Трамптың президент болуы Қазақстанға қаншалықты пайдалы екенін білмеймін

Жігіті өзін түрмеден шығарған бойжеткенді тастап басқаға үйленіп кеткен

Соққыға жығылған Айлиннің үлкен әпкесін анасынан тартып алмақ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
05.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар