Бүлдіршіннің тұсауын кескен Баян Есентаева көпшіліктің сынына ұшырады (видео)
Баян Есентаева Амели есімді кішкентай қыздың тұсауын кесті. Танымал продюсер желідегі парақшасына тұсаукесер рәсімінен видео жүктеп қойды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Тұсау кесу барысында Баян Мақсатқызы бүлдіршінге: “Амели, сау бол, жолың ашық болсын, ақ болсын, бай бол, аман бол, бақытты бол”, – деп ақ тілегіп жолдады.
Шыны керек, әншейінде тек орысша сөйлейтін продюсердің қазақшасына көпшілік таңғалды.
Әзірге Амелидің кімнің қызы екені белгісіз.
Баян Мақсатқызының өзі бұл жарияланымға пікір қалдыруды шектеп қойған. Десе де видео желіде таралып кеткендіктен, желі оқырмандары оған сан түрлі пікірлерін қалдырған. Олардың басым бөлігі продюсерді тұсау кесуге лайық емес жан деп бағалаған.
Десе де “Баяндай болса жаман болмайды” деп айтқандар да аз емес.
Өткізіп алмаңыз:
Ақбота Керімбекова тұрмысқа шықты (фото)
Димаш Құдайберген Singer-дің 9-кезеңде екінші орын алды (фото)
Талқылау

"Балам әкесінің дертін "мұра" етіп алды": Қазақстандық шизофрениямен ауыратынын 16 жыл бойы әйелінен жасырып келген
Жанна кез келген адам жарына адал болу үшін өзінің диагнозын айтуға міндетті деп санайды

Таеквондодан бас бапкер жалған құжат жасап, жасөспірімдер жарысына қатысқан: Министрлік оны жауапқа тартпаған
Бапкер жарысқа 2001 жылы қатысқан