Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азия чемпионатының соңғы күнінде сынға түскен балуандарымыздың барлығы жеңіліп қалды

Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатының соңғы күнінде сынға түскен балуандардың барлығы жеңіліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Бішкектегі Азия чемпионатын грек-рим күрес шеберлері қорытындылады. Бүгін белдескен балуандардың барлығы жартылай финалға дейін оңай жетіп, жартылай финалда жеңіліс тауып, артынша қола жүлде үшін белдесуде де жеңіліске ұшырады. 60 келідегі Ғалым қытайлық Цао Лигадан ұтылса, 67 келідегі Алматбек Аманбеков корей балуанына есе жіберді. 72 келіде Әділхан Сатоев та қытайлық балуанның осал тұсын таба алмай, жеңіліс тапты. Тек 97 келідегі Юсуф Мациев қана финалға шыққан еді. Өкінішке қарай, Юсуф та финалда ирандық Мохаммадхади Саравиден 0:9 есебімен ұтылып қалды. Осылайша Мациев алғаш рет мансабында Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Азия біріншілігінде грек-рим күресінен 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. 

Талқылау