Азамат Тәжаяқов АҚШ түрмесіндегі жазасын өтеп шықты

Сенбі, 21 Мамыр , 2016 19:24

Бостондағы терактіге қатысы бар деп сотталған қазақстандық студент Азамат Тәжаяқов АҚШ түрмесіндегі жазасын өтеп болды. Енді ол отанға оралуын күтуде. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

1433520534a82i8

Сурет vlast.kz

“Бүгін қазақстандық АҚШ-тағы үш жылға созылған жазасын өтеп аяқтады. Оны Кентукки штатындағы эмиграциялық Алабама түрмесіне алып келді. Ол онда депортацияға дейінгі уақытты өткізеді”, – деп хабарлады телеарна.

Тәжаяқовтың әкесінің сөзінше Қазақстан Бас прокуратурасы мен ІІД америкалық тарапқа барлық қажетті құжаттарды жеткізген. Ата-анасы осы айдың соңында ұлдары Қазақстанға оралуда деп күтуде. Азамат Тәжаяқов түрмедегі жақсы тәртібі үшін жаза уақытын 15 пайызға қысқартқан. Екінші сотталушы қазақстандық Диас Қайырбаев екі жылдан соң бостандыққа шығуы тиіс.

2013 жылы 15 сәуірде Бостонда өткен марафонда екі жарылыс орын алып, 3 адам қайтыс болып, 260 адам жарақат алған еді. АҚШ федеральдық сотының шешімімен терактіні ұйымдастырушы ресейлік Джохар Царнаев өлім жазасына кесілген еді. Оның қазақстандық таныстары Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаев тергеуге кедергі келтіргені үшін, 6 және 3 жылға бас бостандықтарынан айырылған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
15.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар