Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айзада Авлатарованы ұрлаған адамның 16 қылмысқа қатысы бар болып шықты

Айзада Авлатарованы ұрлап әкетіп, бірнеше күн ұстаған қылмыскер осыған дейін де сотты болғаны айтылған. Оның студентті ұрлағаннан бөлек 16 қылмысқа қатысы бар болып шықты, – деп хабарлайды КТК телеарнасы.

20151210183745

Сурет 365info.kz сайтынан алынды

45 жастағы Игорь Токарев көлік ұрлығына, зорлау, күш көрсету мәніндегі қылмыстарға қатысы бар деп айыпталуда.

Айыпты бұл кезге дейін де төрт рет түрмеге отырып шыққан. Қазір ер адам тергеу изоляторында отыр. Полицияның тергеу-тексеру жұмыстары аяқталуға жақын. Жақын күндері іс материалдары сотқа жөнелтіледі.

Еске сала кетсек, Айзада Авлатарова желтоқсан айының басында жоғалып кеткен еді. Ол көрші ауылға оқуға кетіп, жолай таксиге отырған. Алайда, такси жүргізушісінің басқа арам ойы болыпты. Ол бірнеше рет өзінің достарына хабарласып, бейтаныс адамның таныс емес жолмен алып бара жатқанын айтқан. Айзаданы бес полиция бөлімі мен жүздеген ерікті іздеді. Арнайы күштік құрылымдар бір апта бойы іздеп, абырой болғанда, қызды тірі тапқан.

Талқылау