Айқын Төлепберген әнші атанғанша құрлысшы, жүк тасушы болып жұмыс істеген

Сәрсенбі, 18 Мамыр , 2016 12:06

Айқын Төлепбергеннің әкесі бір кездері медбикенің ұлдарын шетінеп кетті деп айтып қорқытқанын еске алды. Ал анасы әншінің бала күнінде жиі ауырғанын айтады. Тіпті туысқандары бала Айқынға қарайласудан бас тартқан екен.

image-71

Бұл туралы Астана арнасының “Аналар” бағдарламасында айтылды.

“Айқынға жүкті болған кезде ол қимылдамайтын. Өзі тірі ме екен деп қорқатынмын. Ал үлкен ұлымыз құрсақта жатып тыпыршып, мазасызданатын. Отау құрған соң орыстың үйінде пәтер жалдап тұрдық. Аяғым ауыр бола тұра үйде кір жуып, барлық жұмысты істедім. Бір кезде қатты ауырып үй иесіне бардым. Ол жедел жәрдем шақырып, сағат алтыда перзентханаға жеттік. Жарты сағаттан кейін босандым. Кейде осылай жылдам туылған соң ширақ болып өскен шығар деп ойлаймын”, – дейді Гүлзада ханым.

Айқынның отбасында үш ағайынды. Айдын есімді ағасы, Гауһар атты қарындасы бар. Ақбота есімді қарындасы небәрі үш жасында қайтыс болған. Ата-анасы бүгінде миллионның сүйіктісіне айналған әншінің бала күнінде көз тиіп, көп ауырғанын айтады. Тіпті туысқандары оны дер кезінде емдей алмаймыз деп қарайласудан бас тартқан екен.

“Қырық қадам аттау керек деп көрші үйге бардық. Сол жерде Айқынды көрген бір әйел оған сұқтана қараған. Содан ауырып, екі жарым жасында ауруханаға жаттық. Бір күннен кейін Нұртан екінші ұлымызды көтеріп келді. Астында медбике шатастырып, оған баласының шетінеп кеткенін айтқан”, – дейді анасы.

“Шетінеп кетті деген кезде түсінбей, төбемнен мұздай су құйып жібергендей тұрып қалдым. Артынша шатастырғанын білдім. Айқын дүниеге келген жылы Бұқар жырау көшесінен үй алдық. 82 жылы алғашқы кітабым жарық көрді. Бұл бір табысты жыл болды”, – дейді әкесі.

Әке-шешесі ұлдарының бала күнінде намысшыл болғанын айтады. Мұнымен қатар, ағасына қарағанда, жауапкершілігінің мол екенін тілге тиек еткен-ді. Ағасы кілтін жоғалтып алғанда, анасынан енді тек өзіне беруін сұраған. Мұнымен қатар, мектепте оқып жүріп өз киімін өзі сатып алуға әрекет жасаған.

“Айқын 13 жасынан бастап жұмыс істеді десем болады. Бұқар жырау көшесінің бойында Мәдениет үйі болатын. Сол жерге бизнесмендер кәмпит сақтайтын. Ағасы, өзі және екі орыс бала бірігіп, әлгі кәмпиттерді ғимаратқа тасуға көмектескен. Бірақ бизнесмендер ақшаның орнына кәмпит берген. Бұдан кейін 8-9 сыныпты тәмамдаған соң бізге айтпай құрылыста жұмыс істеді. Мен біліп қалып, тыйым салдым. “Мама, өз киімімді өзім бүтіндеуім керек” деп қасқайып тұрып алды. Бала күнінде өте намысшыл болды. Ағасына біреу тиіссе, барып орнына ұрысып келетін”, – деп анасы баласының жақсы қасиеттерін жіпке тізді.

Айқын Төлепберген шоу бизнес әлеміне қадам баспас бұрын, қара жұмыс істегенін жасырмайды. Алғашқы табысын анасына берместен, өз керегіне жаратқан екен.

“Қоймада жүк тасушы болып, құрылысшы болып жұмыс істедім. Студент шағымда жұмыстың түріне мән бермедім. Кез келген жұмысты істеп, киім сатып алдым. Ал әншіліктен мейрамханаға тұрған соң ғана ақша таба бастадым. Осылайша отбасылық бюджетке ақша қоса бастадым”, – дейді Айқын.

Айқынның әкесі де 28 жасында отбасын құрып, шаңырақ көтерген. Нұртан мен Гүлзада ханым бір тойда ұл жолдас пен қыз жолдас болған. Бүгінде жұптары жазылмаған қос ғашық отызда орда бұзған балалары үшін алаңдап отыратынын жасырмайды.

“Superstar” жобасының төртінші маусымынан өтпей қалған кезде қатты жыладым. Жастықты құшақтап бір күн бойы жаттым. Әпкелерім әлі алар асуының алда екенін айтып ұрысты. Ләйлә Сұлтанқызы продюсер жағынан көмектесіп, балам Эрик Тастамбековпен жұмыс істеп көтерілді”, – дейді анасы.

Төлепберген үйдің кішісі болса да, ата-анасымен бөлек тұрады екен. Енесі келіннің өз топырағанына жаралған пысық екенін айтады.

“Айқын бізге барлық жағынан көмектесіп тұрады. Баламның арқасында Көкшетау жаққа демалып қайттық. Қызым тұрмысқа шыққан кезде де Айқын көмектесті. Мейрамда қалағаныңды ал деп ақша береді. Келінім екеуі келіп құттықтап тұрады. Біз үшін ең қымбат сыйлық – немереміз ғой. Үйдің бәрін жөндеу келіннің мойнында екенін білесіздер. Баламыз гастрөлдік сапарға кеткенде, барлығын өзі реттеп отырады”, – дейді Гүлзада ханым.

Ата-анасы екі ұлының үйге келін алып келген сәтін әлі күнге дейін ұмытпаған. Жаңа жыл қарсаңында әкесінің туған күніне орай екі ұлы бірдей сүйіктілерін үйге алып келген.


Оқи отырыңыз:

Айқын Төлепберген жарының кім екенін, қалай танысқанын айтып берді

Айқын жарын бейнебаянға түсуі үшін төрт күн бойы көндірген

Айқын өнердегі әріптесі Қайрат Нұртастан кешірім сұрады

Айқын Төлепберген қызды болып, тыңдармандарынан есім таңдасуды сұрады

Айқын Төлепберген тойға шақырған кісіден 700 мың сұрап шошытты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар