Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын өнердегі әріптесі Қайрат Нұртастан кешірім сұрады

Әнші Айқын Төлепберген өнердегі әріптесі Қайрат Нұртасты ренжітіп алды. Ол досынан кешірім сұрап, оған әйелін бейнебаян арқылы таныстыруға кеңес берді.

новый коллаж

Бұл туралы “31 арна” хабарлайды.

Айқын Төлепбергеннің “Әр күні” деп аталатын бейнебаянынан кейін Қайрат Нұртас екеуінің арасынан қара мысық жүгіріп өткен-ді. Қос әнші Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жұбайларын таныстырып, мерекені бірге қарсы алған. Осы отырыстан кейін Қайраттың әйелінің суреті әлеуметтік желілерге жарияланып кетсе керек. Десе де, Айқын оның әйелінің суреті интернетте жүргенін айтады.

Сүйікті жарын бейнебаянға түсірген Айқын досының өзіне ренжіп жүргенінен хабарсыз екен.

“Негізі Жаңа жылды жанұяларымызбен бірге өткіздік. Әйелдерімізді таныстырдық. Менің ойымша, Қайраттың әйелінің суреті интернетте жүр. Бәрі түрін жақсы біледі. Мүмкін бейнебаянды көріп мен де түсіремін деп ойлаған шығар. Түсіріп жатса, мені қайталайды деп ойламаймын. Әркім өз әйелін қалағанынша таныстырсын. Басқаша бейнебаян түсірсін. Басқа адамның аты басқа. Қайра, маған ренжіме”, – деп Айқын біреуді ренжітсе жүрегінің ауыратынын айтты.

Естеріңізде болса, Айқын Төлепберген Грузия әншісі Сосо Павлиашвилимен бірігіп, дуэт жаздырған. “Әр күні” атты екі тілде орындалатын әннің бейнебаянына жұбайларын түсірген. Алайда әнші бастапқыда мұндай жоспары болмағанын айтады.

“Әйелімді бейнебаянға түсіремін деген ой болмады. Ұсынысты Сосо тастады. Ол мұның жұбайларымызға арналған ән екенін, бейнебаянға өзінің әйелін түсіретінін айтты. Мен де өз әйелімді түсіремін деп жұбайыма хабарластым. Әсел басында көнбей қойды. Режиссер, сценаристермен бірігіп бірнеше күн бойы көндірдік”, – дейді Айқын Төлепберген.

Досын ренжітіп алған Төлепберген жақында қызды болып, оған есім таңдауға көмек сұраған болатын.


Оқи отырыңыз:

Сиви: Қайрат Нұртастың жаңа фильмінде басты рөлді әйелі сомдайды

Айқын Төлепберген қызды болып, тыңдармандарынан есім таңдасуды сұрады

Қайрат Нұртас “Байқа” атты бейнебаянының тұсауын кесті (видео)

Директоры Қайрат Нұртас туралы жалған ақпарат таратқандарды сотқа бермек

 

Талқылау