Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Директоры Қайрат Нұртас туралы жалған ақпарат таратқандарды сотқа бермек

Әншінің директоры Лаура Сейітбекова “Қайрат Нұртас Мәдениет министрлігінің вице-министрі болып тағайындалды” деген хабардың жалған екенін айтты. Сондай-ақ әншінің директоры егер Nur.kz сайтының жалған ақпарат таратуын доғармаса, құзырлы органдарға шағымданатынын жеткізді.

image

Фото: youtube.com

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Жақын күндердің бірінде Қайрат Нұртастың Мәдениет министрлігі вице-министрі болып тағайындалғаны туралы ақпарат тараған болатын. Алайда әншінің директоры мұны жоққа шығарып, жалған ақпарат таратқан БАҚ құралдарын сотқа бермек.

“Осы атына заты сай емес “Nur.kz” заңды белден басып, тексерілмеген жалған ақпараттарды таратуын, өз рейтингтерін көтеру пиғылымен нешетүрлі құйтырқы, екі бауырдың, қазақтың арасына жік салатын бөлімдерді ойлап табуын қояр ма екен? Бүгінде Қайратқа қатысты ақпаратты былш еткізіп сайттарына салып алып, әбден тарап кеткен соң бірақ xабарласып тұр! “Рас па?” – деген сұрағынан кейін, “Сіздер ғой таратқан. Сондықтан дерек көзін сізден сұрайын. Сайттарыңызға салып, жар салып таратқандарыңызға қарағанда рас екеніне сіздер сенімді сияқтысыздар ғой. Маған кеш xабарласып тұрған жоқсыз ба?” –  десем, – “значит это шутка?” деп тұр саспай!” – дейді Лаура Сейітбекова.

Мұнымен қатар, әншінің директоры аталған порталдың “Бұл -порталдарыңыздың үлкен қателігі. Қызметкерлеріңіз ақпараттың растығын тексермей жатып жариялап жіберген” деген сөздерін бұрмалағанына наразы.

Безымянный

“Жалған ақпаратты жариялап бәрін біреу “шутка” деп айтты дей беретін бұл сайтты жөнге келтірер біреу бар ма екен?!” – дейді Сейітбекова.

Естеріңізге сала кетсек, 28 сәуір күні аталған  портал “Қайрат Нұртас ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі болып тағайындалды” деген ақпарат таратқан болатын. Ал ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қайрат Нұртастың вице-министр болып тағайындалуы туралы ақпаратты жоққа шығарды.


Жіберіп алмаңыз:

Концерт алдында Мейрамбек бүлдіршіннің тұсауын кесіп, Қайрат аузына түкірді (видео)

Қайрат Нұртас өмірі туралы фильм түсіріп, көптен жасырған құпиясын ашпақ

Талқылау