Айқын Төлепберген тойға шақырған кісіден 700 мың сұрап шошытты

Бейсенбі, 24 Наурыз , 2016 13:44

Әнші Айқын Төлепберген өзін тойға шақырған азаматтан бірнеше әнді орындауы үшін 700 мың теңге ақша сұрап шошытқан.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жарқыраған жұлдыздардың сахнада өнер көрсетіп қана қоймай, той бизнеспен айналысып, қосымша табыс тауып жүргендері ешкімге де жасырын емес. Солардың бірі – биыл түрлі жаңалығымен таңдай қақтырған Айқын Төлепберген.

Нұрсейіт Жылқышыбай  есімді азамат “Досым шаңырақ көтеріп, Айқынды тойға шақырыпты. Әлбетте Төлепбергенұлы журналист бауырыма 700 000 теңге берсең, бірнеше ән орындап берем деп көзінен жасын шығарыпты”, – деп әншінің дағдарыс кезінде қомақты ақша талап етіп, әлгі жігітті таң қалдырғанын жеткізді.

9663

Ары қарай “Абай Бегейге қоңырау шалып ұсынысын тастаса, мәселе ақшада емес, ең бастысы жиналған жұртшылықтың көңілінен шықсам болды деп тойына келіпті”, – дейді азамат.

Осыдан кеін желі қолданушылары “Әншілер ақша сұрағанды жақсы біледі, осыдан салық төлеуді неге заңдастырмайды” деген мағынадағы сұрақтар түсе бастады.

Осыған дейін Қайрат Нұртастың тойда ән айтқаны үшін 5-7 мың доллар, “МұзАрт” тобының 5 мың доллар, Заттыбек Көпбосынұлының 3-5 мың доллар сұрайтыны белгілі болған еді. Дәл қазір әншілердің той иелерінен қанша қаржы сұрайтыны белгісіз.

Естеріңізге сала кетсек, Айқынның “Қазақстан” телеарнасына қатты ренжігенін айтқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

7
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Маскара гой

  • Жұмбақ жан says:

    700 тенге де шакырмас едим

  • Жұмбақ жан says:

    панограммамен олең айтқанның бәрі өзін жулдыз санап халықты қанап жүр ғой қазағым

  • Казакбала says:

    Айкынын пах пахын естигенше оданда карапайым ажелердин халык ани мын есе артык

  • Жұмбақ жан says:

    Даніккеннен ~кұныккан жаман деуші еді атам ҚАЗАҚ! Мына заманда қарапайым халықтан сонша ақша сураганы несі?
    Халықтың қолдауы арқасында котерилип отыргандарын умытпагандары жөн.

  • Жұмбақ жан says:

    Той оларды шакырмаса да отеди гой. Сонша шакырып каржы шашканнан жастар бакытты болып кеткенин естигеним жок.

  • Жұмбақ жан says:

    қазіргі қиын-қыстау кезеңде осыншама қаражат той иелерінен сұрағаны ұят болыпты

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар