Айқын жарын бейнебаянға түсуі үшін төрт күн бойы көндірген

Бейсенбі, 11 Ақпан , 2016 11:35

Қазақстандық әнші Айқын мен грузин әншісі Сосо Павлиашвили «Әр күні» композициясына бейнебаян түсірді. Аталған бейнебаянның тұсаукесері 10 ақпанда Алматы қаласында болып өтті.

image

Бұл туралы Stan.kz тілшісі хабарлайды.

0

2015 жылдың қараша айында екі елдің әншісінің басын Аслан Тілеубаев қосқан. Ол, алдымен, Айқыннан қай әншімен дуэт құрғысы келетіндігін сұрап, әншінің жауабын білген соң Сосомен жолықтырған. Артынша келіссөзден кейін Сосо Павлиашвили мен Айқын Төлепберген түсетін бейнебаянның режиссері болып Валерий Задорновский бекітілген.

“Әр күні” атты бейнебаянның интернет желісіне шыққандығы туралы, ең алдымен, әншінің өзі Инстаграмдағы парақшасында жазды. Естеріңізде болса, Айқын Төлепберген осыған дейін тілшімізге берген сұхбатында бейнебаянына әйелі түскендігі туралы айтқан болатын. Тыңдармандардың көбісі бейнебаянды әнді тыңдау үшін ғана емес, көптен бері жасырған әйелін көру үшін күткен-ді. Көбісі әншінің жарының әдемі екендігін жазып жатыр.

5

7

2

Жары Әселдің ішінде төрт айлық балалары болғандықтан, бейнебаянға түсуден алғашында бас тартқан. Әнші жарын бейнебаянға түсіру үшін төрт күн бойы көндірген екен.

Айқынды бейнебаянының тұсаукесерімен әрі туған күнімен құттықтап өнер мен өмірдегі достары Баян Есентаева, Мәдина Садуақасова, Әсел Сағатова, Қайрат Нұртас, Сәкен Майғазиев, Аша Матай, Бағым Мухиденова келді.

6

7

Сәкен ағамызды күні кеше “72 сағатта үйлену” фильмінің тұсаукесерінде көрген едік, екі жақтың да көңілін қалдырмауға тырысып баққан екен.

3 4

Қыз қауымы Айқынға әдемі кеш үшін алғыс білдірді. 

9

Баян Мақсатқызы Сосо мырзаның өзін “Ақылына көркі сай әйел” деп баға бергендігін айтып, қуанышымен бөлісті. 

Дәл қазір Айқын 2 наурыз күні Республика Сарайында өтетін есеп беру концертіне дайындалып жатыр. Ол концерттің 3D элементтермен болатындығын айтты.

Оны қолдау үшін әріптестері әрі достары Нұржан Керменбаев, Ділназ Ахмадиева, Дастан Оразбеков, Мақпал Исабекова, Луина және Қанат Сыбанов келеді екен.

Осыған дейін Айқын Төлепберген бейнебаянның құпияларымен бөлісіп қана қоймай, әйелімен қалай танысқандығы туралы айтып берген болатын.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар