Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын өзін тоқтатқан жол полициясына ән айтып берді (видео)

Айқын Төлепберген өзін тоқтатқан жол полициясына ән айтып берді. Бірақ шынайы өмірде емес, тек кезекті бағдарламаның түсірілімінде.

Айкын

Фото: instagram.com/aikyn/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Желі қолданушыларымен әзілдескенді ұнататын әнші тағы да бұрынғы әдетіне басты. Бұл жолы ол өзін тоқтатқан тәртіп сақшыларына ән айтып беріп жатқаны таспаланған видеосын бөлісті.

Видеоны көрген желі қолданушыларының бірі мұны шынға баласа, екіншілері комедиялық телехикаяның бір бөлігі деп болжады. Десе де, әншінің жанды дауыста орындаған әні қыздарға ұнап қалды.

“Комедиялық телехикая екенін түсіну қиын емес қой. Сендерге не болған?!”, “Жұлдыздарға дәл осылай қарапайым болған жарасады. Жарайсыз”, “Тек Қазақстан емес, әлем деңгейіне көтерілуге тырысыңызшы. Өтініш! Әсем даусыңызбен барша жүректерді оятыңызшы”, “Жанды дауыста керемет айтады екенсіз” дейді желі қолданушылары. Мұнымен қатар, “Шынайы өмірде жол сақшылары тоқтатып, ән сұраған кездері болған ба?” деп қызығушылық танытқандар да болды.


Жіберіп алмаңыз:

Әйеліне қымбат жүзік сыйлаған Айқынды жұрт шалыс басты деп болжады

Айқынның хит әнінің сөзі Шахановтың өлеңінен ұрланған сияқты

Айқын Төлепберген қызына өз әнінің атын қойды

Айқын Төлепберген қызды болып, тыңдармандарынан есім таңдасуды сұрады

Талқылау