Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелі күйеуінің опасыздық жасап жүргенін iPhone бағдарламасы арқылы біліп қойған

Хадиджа Билал Рождество мерекесінің қарсаңында өзінің күйеуінен күдіктене бастаған. Бұған күйеуінің онымен бірге мерекені қарсы алудан бас тартуы себеп болған екен. Артынша әйел iPhone арқылы сүйіктісін аңдуға кіріседі. Нәтижесінде ол күйеуінің өзіне опасыздық жасап жүргеніне көз жеткізеді. “Менің айлам асып түсті” деп мақтанды Хадиджа.

3D037FD000000578-4208548-image-a-21_1486661708528

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

Хадиджа Билал есімді әйел iPhone бағдарламасы арқылы күйеуінің өзіне опасыздық жасағанын анықтағанын айтып жатыр. 33 жастағы келіншек осыдан бір жыл бұрын мереке қарсаңында күйеуінің өзгере бастағанын байқаған екен. Отасқан төрт жылдың ішінде күйеуі түзде көбірек жүруге тырысады екен. Әсіресе, дүниеге екінші балалары келгеннен кейін жұмыстан кеш келу әдетін шығарған.

35 жастағы күйеуінен күдіктенген келіншек оны iPhone арқылы аңдуға кіріседі. Осылайша ол күйеуін бір ай бойы бақылап жүреді. Артынша 190 еуроға детектив жалдайды. Көп ұзамай детектив Хадиджа ханымға күйеуінің жиі баратын үйінің мекен-жайын береді.

Соңғы рет келіншек күйеуінің көңілдесімен бірге қашып бара жатқанын көріп қалған. Бұдан кейін күйеуі үйге келмеген. “Мен өз жұртым мен қайын жұртыма оның не істеп жүргенін көрсетуім керек болды. Оның маған опасыздық жасап жүргенін дәлелдеу үшін қолымда ақылға қонымды айғақтар болуы тиіс еді. Шыны керек, ол айғақтарды табу қиынға соқты. Оның үстіне өзімді қолға ала алмайтындай дәрежеге жеттім. Оның бір әйелмен ұзақ уақыт кездесіп жүргенін дәлелдеу үшін тыңшы жалдадым. Менің айлам күйеуімнен асып түсті. Ол судан таза, сүттен ақ болып шығамын” деп ойлаған сияқты. Алайда бұл арам ойы жүзеге аспады”, – дейді Хадиджа Билал.

Олар мұсылман мерекесінде көңіл қосып, артынша 2013 жылы шаңырақ көтерген. Бүгінде Хашим есімді үш жастағы ұлдары мен Зара есімді қыздары бар.

3D037FC700000578-4208548-image-m-25_1486661732405

“Ол сенбі күні үйден кешке шығып, таң атқан кезде бірақ келетін. Балалармен де ойнамай, спорт залға баратын. 19 қазан күні Зара қызымның туған күнін атап өттік. Бірақ күйеуім бұл күн туралы ұмытып кеткен екен. Оның осы күні әлгі әйелмен бірге болғанына сенімдімін. Оның маған моральдық тұрғыдан қолдау көрсетпейтінінен әбден шаршадым”, – дейді әйел.

Бірде түнгі сағат 3:30 шамасында Хадиджа iPhone құрылғысы арқылы күйеуінің үйдің маңындағы бір үйде жүргенін біліп қояды. Бірақ бұл түні ол ұрыс шығарған жоқ. Оның орнына 3 апта бойы күйеуін аңдыды.

“Ол әдетте сағат 20:00-де үйге келіп, бірден душқа түсетін. Артынша менің қалымды сұрайтын. Ал жұмыста болған кезде міндетті түрде бірнеше рет хабарласатын. Егер мен оның бұл былығын әшкерелемесем, оның маған өмір бойы өтірік айтып өтетініне мен толықтай сенімдімін”, – дейді ол.

Хадиджа ханым 7 қаңтар күні күйеуінің опасыздық жасап жүргенін бетіне басады. Бастапқыда баланың ауырып жатқанын айтып, оны үйге алдап шақырады. Күйеуі “Танысымнан бір құжатты алмақ болдым” деп ақталған екен. Ал көршілері оның расымен де опасыздық жасап жүргенін қоштады. Айтуларынша, әлгі әйел Хадиджа ханымның күйеуінің әріптесі әрі көршілері екен. Ақырында шындықтың беті ашылып, азамат өзінің жаңа сүйіктісімен бірге қашып кеткен-ді.

3D037FC300000578-4208548-image-a-28_1486661783169

“Мен көліктің соңынан жүгірдім. Терезесін қатты-қатты қақтым. Алайда ол көлігінің есігін жауып алған екен. Оның әлгі әйелмен бірге отырғанын көріп қалдым. Ол қашып кетті. Оны соңғы рет сол кезде көрдім. Электронды поштасы арқылы екеуінің Рождество мерекесін бірге қарсы алғандарын да білдім. Үйдегі есіктің кілттерінің барлығын ауыстырдым. Бірақ сөйлесу үшін жұмысына іздеп бардым. Ол маған “Маған жақындайтын болсаң, полиция шақыртамын” деп қорқытты. Күйеуім осы уақыт ішінде хабарласып, маған жағдайын түсіндірген емес. Жуырда менің ата-анама хабарласқан екен. Бірақ олар сатқын күйеу балаларымен тілдескілері келмеді. Мен оны жақсы көрмеймін”, – дейді ол.

Келіншек жуырда күйеуімен ажыраспақ.


Жіберіп алмаңыз:

Орыс қызы төбе құйқаңды шымырлатар фотосессия жасап шошытты (фото)

Күнде қансырайтын баланың енді жыныс мүшесінен қан ағып жатыр (фото)

Әйел күйеуінің көңілдесін тыр жалаңаш күйінде көшеге шығарды (фото)

Шашты отпен қысқартатын шаштараз елдің таңданысын тудырды (видео)

Талқылау