Айбол Айтбек «Қазақстан Барысы-2016» турнирінің қола белбеу иегері атанды
Астанада төрінде Ұлт Көшбасшысы – Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы»-2016 республикалық турнирі мәресіне жетті.
«Қазақстан Барысы» республикалық турнирінінде үшінші орын үшін таласта жамбылдық қос балуан Айбол Айтбек пен Дәулетхан Жақыпов белдесіп, Айболдың айдарынан жел есіп, «Қазақстан Барысы»- 2016 турнирінің қола белбеу иегері атанды.
Талқылау