Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аяқ киімдегі тұз іздерін кетірудің қарапайым 5 әдісі

Көктайғақ кезде коммуналды қызметкерлер көшеге тұз сеуіп тастайтыны белгілі. Осы кезде тұз тиген аяқ киімдеріңізге із түсіп кетпей қоятын кезі болады. Мұндай жағдайда не істеу керек?

1

1.Үйге келе салып аяқ киімді қағаз матамен немесе дәретхана қағазымен орап қойыңыз. Қағаз тұзды сіңіріп алады. Кейін аяқ киімге балаларға арналған крем жағып қойсаңыз болады.

2.Тұз іздерін 9 пайыз сірке суынан тұратын қоспамен сүртуге болады. Сірке суына 3/1 көлемдей су құйып, аяқ киім ізін сүртіңіз.

2

3.Кастор майы – тұзды кетіруге арналған ең жақсы амал. Жұмсақ матаға кастор майын жағып алып, тұз іздерін сүртіңіз. Қажет жағдайда қайталап сүртіп көріңіз.

4.Аяқ киімді қазанда қайнап жатқан су буына ұстап тұрыңыз.

5.1 ас қасық нашатыр спиртіне 1 ас қасық жылы су құйып, осы қоспаны матамен аяқ киіміңізді сүртіңіз. Кепкен соң арнайы резина щеткамен сүртіп тастаңыз.

3

Тұз іздері кеткен соң арнайы бояуды жағып тастасаңыз, аяқ киімнің өз түсін сақтауға көмектеседі.

Жіберіп алмаңыз:

Аяқ киімді тазалаудың оңай әдісі

Компьютердегі жұмысыңызды жеңілдететін пернетақтадағы 7 әдіс

Түпнұсқа косметиканы жасанды түрінен ажыратудың 7 әдісі (фото)

Үтіксіз-ақ киім қыртысын жазуға болатын 9 әдіс

Суға түсіп кеткен қалта телефонын қалыпқа келтіру әдісі табылды

Талқылау