Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салмағы 252 келі шығатын әйел 18 келі баланы дүниеге әкелді (видео)

Салмағы 252 келі болатын аустралиялық әйел 18,1 келі болатын ең ауыр баланы дүниеге әкеліп, рекордты жаңартты.

d05898d3b04ba7bd3dc726a62a6dbff1__1440x

«Лайф» ақпарат порталының хабарлауынша, австралиялық ауруханалардың біріне толғақ қысқан әйел түскен. Оның салмағы 252 келі болғандықтан, қиындықтар туындамау үшін дәрігерлер баланы іштен жарып алуға шешім қабылдаған.

Дәрігерлер үшем туылады деп болжаған екен, алайда әйел құрсағында бір ғана алып бала болды.

Австралиялық аурухананың дәрігерлері баланы таразыға салғанда таң қалған. Жаңа туған сәбидің салмағы 18,1 келі болған.

Портал тілшілерінің хабарлауынша, алып сәби анасының жағдайы жақсы. Сәби де қалыпты жағдайда.

Бұған дейін жаңа туған сәбилер арасындағы ең ауыры 17,2 келі болған еді. 1839 жылы тіркелген бұл рекорд 1,5 ғасыр бойы бұзылмады, аустралиялық әйел салмақты бір сатыға көтерді.

 

Талқылау