Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыр қайғы: Нұрсұлтан Назарбаев 5 баласынан айырылған отбасыға көңіл айтты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы уақытша баспанада шыққан өрттен 5 баласынан түгелдей айырылған отбасыға көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Ауыр қайғы: Нұрсұлтан Назарбаев 5 баласынан айырылған отбасыға көңіл айтты

«Кеше Астанада ауыр қайғылы оқиға болды. Өрт салдарынан бір отбасы бес бірдей перзентінен айырылып қалды. Қаза болған балалардың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айтамын.

Осыған байланысты мен Үкіметке және Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановқа зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетуді тапсырдым», – дейді елбасы.

Сонымен қатар президент мұндай қайғылы жағдай қайталанбас үшін тиісті шаралар қабылдау керектігін атап өтті.

«Барлық өңірдің әкімдері құзырлы органдармен бірлесіп, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақылауды күшейтуі керек, сондай-ақ тиісті тексерістер ұйымдастырып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет.

Мұндай жағдай қайталанбас үшін барлық тиісті шараларды қабылдаған жөн» , – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске сала кетсек, Астанада өрт салдарынан бір үйдің 5 баласы көз жұмды: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары дүниеге келген. Олардың ең кішісі – небәрі 11 айлық. Түнде олар тірідей өртеніп кеткен кезде, ата-анасы жұмыста болған.

Бүгін марқұмдардың денесі жер қойнына тапсырылды. Жерлеу рәсімен жүздеген адам жиналды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау