Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыл мұғалімдерін ЭКСПО билетін сатып алуға мәжбүрлеген

Әлеуметтік желі пайдаланушысының сөзіне сүйенсек, ауыл мұғалім мұғалімдерін “ЭКСПО-2017” көрмесіне билет сатып алуға мәжбүрлейді.

Image00060

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының мұғалімдерін “ЭКСПО-2017” халықаралық көрмесіне билет сатып алуға міндеттеген деп Facebook қолданушысы Эльвира Ерғалина желіге жариялаы, деп хабарлайды sputnik.

ЭКСПО-2017 биыл жазда Астанада өтеді. “50 мұғалімі бар мектепке ЭКСПО билеттерін әкеліпті. 40 дана. “Барғандарың жақсы. Бармай жатсаңдар да, билет алуға міндеттісіңдер,” депті.

50 мұғалімі бар мектепке ЭКСПО билеттерін әкеліпті. 40 дана. “Барғандарың жақсы. Бармай жатсаңдар да, билет алуға міндеттісіңдер,” депті. Билет құны 2000-8000 теңге аралығында.
Енді жеңгем: “Соған бола мына жақтағы тірлікті тастап бару қайдан, 2 билет алып, саған беріп жіберсем болатын шығар?” дейді. Ол қалай сонда деп қалғам. Дәл сол ауданда, бірақ, басқа мектепте мұғалім боп істейтін тағы бір жеңгем де солай дейді. “Аласыңдар, бару/бармау өз еріктеріңде,” депті. Бағасы сол – 2000-8000 теңге аралығында. Шошыдым.

“Жалпы Ордабасы ауданының мұғалімдеріне 2000 билет бөліпті. Ал десе, аламыз. Айлықтан ұстайды ғой бәрібір,” дееееп отыр жеңгелерім. Беті ашылмаған күйі пешке кететін газет-журналына жазылып отырғандай еш эмоциясыз айтады ғой тағы.

“Бармасақ, неге алуға міндеттіміз?” деп сұрамадыңыздар ма дедім. Жоғары жақтың приказы екен. Қызығы, қаланың мектептеріне ондай міндет жетпепті әлі. “Өз құқығын қорғауды білмейді, аңқау, айдағанға көне береді деп ауылдың мұғалімдерін “сорып жатыр” екен ғой. Қарсыласпай көне беретін өздеріңізден екен бәрі. Лох боп жүріңіздер сол,” деп күлдім жеңгелеріме. Екеуі тызылдап қалды. Расы сол ғой. Осыны өздері ФБға жазса, әйтеуір бір нәтиже шығарар едік, иә? Шырылдап, шуылдап жүріп”, — деп жазады Ерғалина парақшасында.

Қолданушының айтуынша, Ордабасы ауданына барлығы 2000 билет беріліпті.

Жіберіп алмаңыз:

Қытайлар мұсылмандар үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жайнамаз шығарды (фото)

Отандық дәрігер асқынған өкпе ауруларын емдейтін құрылғы ойлап тапты

ШҚО-да анасына хабарласып өзінің адасып кеткенін айтқан мүгедек жігіт сол күйі табылмаған

Араб еліндегі виллалар, Англиядағы есепшоттар: қазақстандықтар табыстарын қалай жасырады?

Талқылау