Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда тротуармен адамдар емес, көліктер жүре бастаған

Асыққан жүргізуші жаяу жүргіншілер жолына шығып алып зулайды. Ғаламторда пайда болған видеода оның жол ережесін өрескел бұзып, жүргіншілерге қауіп төндіргені айқын көрінеді.

c3e190dc0a422c91dd7aa1da0ec62022

Cурет reporter.akipress.org сайтынан алынды

Бұл туралы 31 арна сайтында хабарланды.

Қаладағы көлік кептелісінен тротуарға шығып, айналып өтіп бара жатқан азамат әйелінің босанайын деп жатқанын айтады. Ал пікір қалдырғандар жаяу адамдардың аз болғанына шүкір десіп, бұл Атыраудың Абай көшесі екенін жазған. Видеода көрінетін әйнек жақтаулары және жүргінші жолымен еркін қозғалғанына қарағанда “Дэу дамас” көлігі болуы мүмкін. Мемлекеттік нөмері өзге бейнетіркемелерге түсіп қалмаса, әзірге нақты ақпарат жоқ.

Талқылау