Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда Өтеуовтың арызынан кейін сотталған полицейлер бостандыққа шықты

Былтыр желтоқсанда әрқайсысы 3 жылға сотталған олардың мәселесін қараған апелляциялық алқа осындай қаулы шығарды, – деп хабарлайды КТК арнасы.

55

Азамат Достанов, Ілияс Стамғалиев, Ернар Іздібаев және Нұржан Оразғалиев қызмет бабын пайдаланды деген айыппен бас бостандығынан айырылған болатын. Адвокаттары бұл төртеуінің тым жас екенін және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасауды сұрапты.

Апелляциялық алқа бұл уәжбен келісіп, Оразбаев пен Стамғалиевті 1 жылға, Оразғалиевты 2 жыл 3 айға, ал Іздібаевты 1 жыл 11 айға бостандықтарын шектеді. Ал Атырау қалалық ішкі істер бөлімінің бір топ қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істің қозғалуына түрткі болған экс-полицей Манарбек Өтеуов Өзбекстан азаматын өлтіргені үшін 22 жылға сотталғанын айта кетейік.

Талқылау