Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда өндірістік альпинистер әйел мен баланы өрттен құтқарды

22 мамыр күні кешкілік “Grand Атырау” тұрғын үй кешеніндегі 8 қабаттағы пәтерлердің бірі өртке оранған. Бұл кезде үйдің шатырында “ПромАльпКазахстан” компаниясының өндірістік альпинистері Александр Шахов пен Андрей Лобов болған.

рпа

Бұл туралы Ақжайық хабарлайды.

“Біз жұмысымызды аяқтап жатқан сәтте, түтіннің иісін сездім. Пәтерден әйелдің айқайлаған дауысы шықты”, – дейді Андрей.

Олар подъездге кіріп, есікті ашпақ болған кезде оның кілттеулі екенін көрген. Сосын қайтадан шатырға шығып, арқан арқылы түтін шығып жатқан терезенің тұсына дейін түседі.

“Әйел терезе арқылы маған баласын берді. Андрей арқанды жіберіп, мен онымен әйелді байладым. Осылайша оны пәтерден шығарып алдық. Бұл уақыттың барлығында бізді Андрей сақтандырып тұрды. Әрине, әйел қатты қорқып тұрды. Біз оны барынша тыныштандыруға тырыстық.

Артынша өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем келіп, әйел мен баласын ауруханаға жеткізген.

Талқылау