Атырауда құлдықта аяусыз қатыгездікке тап болған әйел басынан өткен оқиғасын айтып берді

Сейсенбі, 11 Шілде , 2017 10:15

Неврология бөліміне Қарақалпақстан тумасы 26 жастағы Паруаз Мнажатдинова 28 маусымда түскен. Аяусыз ұрып-соғылған әйелді полицейлер Атыраудағы ықшам аудандардың бірінен тауыпты.

777

Бұл туралы “Ақ Жайық” хабарлайды.

Жас келіншек ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Ол бала кезінен талма ауруынан зардап шеккен екен, ал мына жағдайдан ауруы тіпті өршіп кеткен. Есін жиғаннан кейін ол басынан өткен жағдайды баяндап берді.

Айтуынша, ол Ақтаудағы күйеуіне Нүкістен келген. Пойызда үш қызбен танысады. Бірақ, олардың барлығы беттерін никабпен бүркемелеп алғандықтан түрлерін көрмеген. Тек олардың бірінің есімі Жұмагүл екені ғана есінде қалыпты.

“Олар Атырауға үйге бара жатқандарын айтып, мені өздерімен бірге жүруге үгіттей бастады. Бала қараушы қызметін ұсынып, күніне 2800 теңге төлеп тұратындарын айтты. Бұл өте жақсы ақша. Мен өз туыстарыма көмектескім келгендіктен, келістім. 21 маусымда біз Атырауға келдік. Вокзалдан бізді ақ джип мінген ер адам күтіп алды. Мені екі қабатты коттеджге алып келіп, телефон, паспорт салынған сөмкемді тартып алды да, өзімді жертөлеге қамап тастады. Бала күтушіліктің орнына кафеде, мешітте тамақ істеуге мәжбүрледі. Ал түнде сол жертөледе өткіземін, ондағы тышқандар аяғымды тістеп шығады. Бірнеше күн өткен соң мен қашуға әрекеттендім. Алайда әлгі адамдар мені ұстап алып, ұра бастады. Басымнан ұрып, шашымнан тартты. Ал менің талмам ұстаған кезде, олар қорқып сыртқа шығарып тастады. Ал есімді жиған кезде басым ауған жаққа қаша жөнелдім”, – дейді Паруаз.

Ауруханадағы көршілерінің айтуынша, Паруазға полицейлер келіп, онымен әңгімелескен.

“Бірақ ол шағым жазбады. Полицейлер де ұсынған жоқ”, – дейді әйелдер.

Қайырымды жандар Паруазға жылы киімдер мен ұялы телефон әкеліп берген. Тұрғындар тіпті оның туыстарын тауып беруге де көмектесіпті. Әйел әкесімен де сөйлескен. Бірақ, ер адам физикалық және материалдық жағдайының жоқтығына байланысты қызына келе алмайтынын айтыпты.

Оқи отырыңыз:

Балқашта қонақтар купальникпен билеген әйелге бола пышақтасып қалды

Шатырда тұрып трюк жасаған жігіт жергі құлап кетті (видео)

Қарағандыда жүйке ауруына шалдыққан ер адам жасөспірімді пышақтап тастады

Алматы маңында «Алтын алқа» иегері сегіз баласымен далада түнеп жүр (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Anonymous says:

    Осы біреуді құлдықта ұстайды деген не сұмдық?Құдайдан қорқу керек қой.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар