Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Атырау тұрғындары қаладан жаппай кетіп жатыр”: Әкімдік желіде тараған видеоға қатысты мәлімдеме жасады

Желіде Атырау тұрғындары қаладан жаппай кетіп жатқаны айтылған видео тарады. Облыстық жедел штаб тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Фото видеодан алынды

Жедел штаб әлеуметтік желідегі Атырау теміржол вокзалында түсірілген видеоға түсініктеме берді.

"Бейнежазба авторы жергілікті жұртшылыққа "тұрғындар қаладан жаппай кетіп жатыр” деген жалған ақпарат таратқан. Кеше, 10 сәуір күні теміржол стансасына бір мезгілде төрт пойыз келді. Бұл — Құлсарыдан вахталық жұмысшылар тасымалдайтын, "Атырау-Құлсары“, Құрманғазы ауданындағы "⁠Ақкөл“ бағытына және Алматыға қатынайтын пойыз. Жолаушылар пойыздары жөнелтілгеннен кейін вокзал перроны босады. Қазір вокзалда ешқандай қарбалас жоқ", – делінген облыстық жедел штаб хабарламасында. 

Еске салайық, 5 сәуірде Атырау облысы Жылыой ауданындағы Құлсары қаласы су астында қалды. Жергілікті халық "вахталық поселок" деп атап кеткен аумақ маңы тұтас суға кеткені туралы жазған едік.

Талқылау