Атамбаев: «Қырғыз еліне қылыш ұстап келгендер басын қалдырып кетеді» (видео)

Сейсенбі, 17 Қазан , 2017 12:58

Атамбаевтың бұның алдындағы Қазақстан Президентіне тиіскен сөзін екі ел басшыларының әдеттегі сөз қағысуы деп қабылдадық. Енді мынау, әскерлерін жинап алып, шекараға қазақ әскері келіп тұрғандай екі елдің арасына от тастап сөйлегені саяси сауатты адамның сөзі емес, көше айқайшысының көсемсігенінен артпады. Атамбаев бұл сөзінде басқасын айтпағанда, ел басшысына лайық емес екі рет шектен шыққан өрескел қателік жіберді. Бірі біздің Қазақ еліне де қатысты, екіншісі өз еліне қатысты.

Бұл туралы «Қазақ үні» газеті жазады.

“Біріншісінен бастайық. Өз елі, өз әскеріне не айтса да өзі біледі дегенмен, ел басшысы түгілі, кез келген саналы саясаткердің санасында абай болатын тақырыптар болады. Қазақ Тәуелсіздігі үшін жан аямай күресіп, қанын төккен Кенесары хан қазақ үшін қасиетті есім, қастерлі тұлға.

Сол Кенесары қырғызбен шайқаста қаза тауып, кейін қазақ ханының басын қырғыз манабының Ресей патшасына сыйға тартқан сатқындығын кеше Қырғыздың президенті Атамбаевтың өзі еске салып кетті… «Қырғыз еліне қылыш ұстап келгендер басын қалдырып кетеді» деп соқты.

Бұл жолы да қырғыз президенті Ресей тілінде сөйлеп тұрып, Ресей президентінің айтқанын мысалға ала отырып, Қазақстанның Еуразиялық Экономикалық Одақ заңдарын бұзуда деп, Кремльден көз алмаған күйі біздің елге біраз тас атты. Қырғыздың күштілігінен емес, қазақтың алауыздығынан болған Кенесары қазасын айтып, екі елге қатысты ескі жанды жараның аузын тырнау не үшін керек болды, Атамбаев мырзаға?

Шекара үш күн жабылды екен деп шектен шыққан Атамбаевтың бұл қылығын қалай түсінуге болады? Бүкіл сөзінде Қазақстанды кінәлау мен «шестеркадан» аузы босамаған Атамбаев әскер алдында тұрып есіне де алмаған бүкіл түркінің қазынасы Манас батыр жырын қазақтың ұлылары Шоқан Уәлиханов зерттеп, әлемге танытып, елуінші жылдары кеңес империясының идеологиялық қылышынан қорғап қалған қазақтың ұлы жазушысы, Шыңғыс Айтматовтың ұстазы Мұхтар Әуезов екенін біле ме екен бұл президент?.. Білмесе, жазушыларынан сұрап алсын…

Қара басының қамы үшін туысқан халықтардың арасына от тастап, негізсіз соғысқа дайындыққа шақыру – ел басшысының емес, есердің сөзі жұмсартып айтқанның өзінде.

Басқасы басқа, атамызға тиіспе, Атамбаев, атаусыз қаласың! Қасиетті әруақтарға тиіскеннің оңғаны болмаған қазақ-қырғыз тарихында…

Енді екіншісіне келейік. Әлі де Қырғыз президенті болып табылатын Атамбаев өзі қол қойған Сайлау туралы заңын белінен басып тұрып, бірнеше рет бұзды.

Қырғыз Республикасы президенттігіне заңды кандидат болып табылатын Омурбек Бабанов туралы «Біз президенттікке әлде бір елдің шестеркаларын сайлатпаймыз» -деп соқты. «Шестерка» деген сөзді өзі көп естіген бе, жоқ, сүйікті сөзі ме, қырғыз-орыс тілдерінде бір емес, оншақты рет айтты.

Атамбаев өз елінің заңын бұзғанын былай қойғанда, Бабанов бауыры емес пе өзінің? Кеше ғана өзі премьер-министр қойып, бір дастарханнан дәм татып жүрген бауырын, өз арасында болса, мейлі ғой, бүкіл елге «әлде бір елдің шестеркасы» деп масқаралау, турасын айтқанда «сатқын» деп, заңсыз, ашық айыптау өз елінің Президент сайлауын ашық бұзу деген сөз. Айтар кінәсі – Омурбек Бабановтың Қазақ Президентіне келіп кездесуі. Несі бар, Атамбаевтың өзі ашық, айқайлап қорғап отырған Сооронбек Жээнбековтың өзі де кездескен Нұрсұлтан Назарбаевпен. Ол кезде, Атамбаевтың адамы Қазақстан президентімен кездессе, заңды болады да, оппозиция өкілі Бабанов кездессе заңсыз болады екен ғой… Қырғыздың бүкіл президенттері ақша сұрап, президенттікке кандидаттары ақыл сұрап, Қазақ президентіне шапқылап жатса, оған Нұрсұлтан Назарбаев кінәлі ме?

Бұл екі үлкен қателіктен, Атамбаевтың өзінің жеке мүддесі үшін, өз адамы президент болуы үшін ешнәрседен де тайынбайтыны, ардан да, заңнан да, әруақтан да аттай беретінін анық көрінді.

Себебі қазақ-қырғыз шекарасы бұрын да түрлі себептермен үш күн түгілі бір айға дейін жабылып қалған кездері болды. Ол кезде Атамбаев бұлай аттандаған жоқ. Ал бұл жолғы жанталасу – ел қамы емес, жеке басы үшін –Президент сайлауында өз адамы өтуі керек болып тұр… Басқаның бәрі бір тиын”, – деп жазады журналист Қазыбек Иса.

Еске салсақ, Қырғызстандағы Президент сайлауы 15 қазанда өтті. 16 қазандағы мәліметтерге сәйкес, Сооронбай Жээнбеков сайлаушылардың 52,55% дауысына ие болып, жеңіске жетті.

Бұған дейін Жээнбеков те Қазақстан және Назарбаев туралы өз ойымен бөліскен болатын.

Тағы да оқыңыз:

Алладан басқа ешнәрсеге ешқашан сенбеймін: Жээнбеков туралы не білеміз?

Желіде қазақ-қырғыз шекарасынан тараған видео бірнеше жыл бұрын түсірілген

Қырғызстан Қазақстанның гуманитарлық көмегінен бас тартты

Назарбаев Қырғыз еліндегі сайлауға араласуға қатысты: Мұның бәрі жалған (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Anonymous says:

    Біреуды қарғау жақсы емес

  • Anonymous says:

    “Қазақ қырғыз бір туған” дегенді жиі айтамыз!
    Бірақ қырғыз басшысы осының бәрін ұмытқан ба қалай?! Ақша керек кезде Атамбаев үшін біз бауыр бола қаламыз, басқа уақытта бізден жаман ел жоқ. 100 млн долларды алғанша «қазақ бауыр», «алаш ағайын» дегені аузынан түспеп еді, енді кетер кезде күңкілдегені ұят екен

  • Anonymous says:

    Аузынан ақ ит шығып, көк ит кріген Атамбаевты асыл Ата -бабамыздың аруағы атып, Кенесары атамызды меңзеп айтқан аузы қисайым, көзі көр болсын!

    • Anonymous says:

      Қатты қарғадыңыз ғой, құдай сақтасын! Əр нəрсеге Алла төреші!

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар