Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атақты модель көше кезген қаңғыбасқа айналып, далада түнеп жүр

Топ-модель болған Данила Поляков бір кездері аса қатты танымалдылыққа ие болып, қымбат қаламақыны да қалтаға басқан. Ол ең атақты сән үйлерінің сән топтамалары көрсетілімдеріне қатысқан.

52958de0c5da6d8e53cead903dadd1d8_cropped_630x350_labeled-6666cd76f96956469e7be39d750cc7d9

Фото: slovosti.ru

Бұл туралы dni.ru хабарлайды.

Алайда қазіргі сырт келбетіндегі бір кездегі танымалдылықтың табы жоқ. Үйсіз қалған Данила түнде орындықтарда түнеп жүр.

Ресейлік топ-модель Данила Поляковтың мансабы өзінің әйелге ұқсас келбеті мен тәртібіне байланысты сәтті басталып кетті. Әлемдік фешн-бизнестің оның аяғының астында қалғаны соншалық белгілі дизайнерлердің өзі көрсетілімдеріне қатысу үшін оған кез-келген соманы төлеуге дайын болатын. Ол Европаның талай сахнасының сәнін келтіріп, тіпті ресейлік кино жұлдыздармен де бірге фильмге түсті.

Алайда оған атақ қаншалықты жылдам әрі оңай келсе, соншалықты тастап кете салды.

“Сән көрсетілімдеріне мен қазір мүлде қатыспаймын десем де болады. Егер мені шақырса, тек жас дизайнерлер ғана фотомодель ретінде шақырады. Ал манекенші ретінде ешкім қазір шақырмайды. Бірақ ақша төлейтін болса болды мен кез-келген жұмысты істеуге дайынмын. Қазір мен еркін суретшімін. Арт стилінде образдар жасаймын: киім, аяқ киім, жиһаз. Көрме жасап, сосын экспонаттарды сатуға тырысамын. Ал сатылмағандарын тастай саламын немесе достарға таратамын”, – деді Данила.

Поляков тұрақты табысы жоқ екенін жасырмайды.

“Ақшаға тәуелді емеспін, бірақ онсыз тағы қиын. Тамақ ішуге, жүріп-тұруға, баспаға ақша керек. Басқа ештеңеге де емес. Мен тіпті киім де сатып алмаймын. Маған достарым ескі киімдерін береді. Мен оларды кесіп, пішіп, басқа образдар жасап шығамын. Жақында ескірген жұп аяқ киімнен өзіме жаңа бәтеңке тігіп алдым. Тұрақты баспанам да жоқ. “Үй” деген ұғым тым бұлыңғыр мен үшін. Таңертең оянған кезде алдағы түнде қайда ұйықтайтынымды да білмеймін. Әпкем мен достарымның арасында көшіп жүремін. Тіпті кей түндері далада ұйықтауға да тура келеді”, – дейді ол.

шшшш

Поляков ақшаны дұрыс жарата алмайтындығында мойындады.

“Керек деп санамаймын. Мен түнімен бәрін құрта салып, таңертең жолға өзгелерден ақша сұрап жүруім мүмкін. Маған көшеде адамдар жиі келіп ақша береді. Мен де қарсылық танытпай бергендерін аламын. Тіпті дүкеннің өзінде бейтаныс адамдар маған азық-түлік сатып алып береді. Сірә, танып, сосын көмектесетін болса керек”, – дейді Данила.

еее

“Ешқашан Құдайға сенбегеніме қарамастан, бала кезімде қиын жағдайға тап болсам жалбарынатынмын. Жақында ғана менде сондай жағдай қайталанды. Мен Құдайдан қайтадан көмек сұрағым келеді. Бірақ “Данил, Құдай жоқ. Тек өзіңе ғана үміттену керк” дедім. Отбасын құрғым келмейді, балаларды да қаламаймын. Сол себепті өмір сүріп, ағысқа ілесіп жүрмін. Мүмкін бәрі түзелер”, – дейді Поляков.

Талқылау