Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ата-анасы перзентханада ауысып кеткен қызымен 39 жылдан кейін кездесті (фото)

39 жыл бұрын Молдавиядағы перзентханалардың бірінде Татьяна Лаштур мен Валентина Суман есімді қыздарды  ауыстырып жіберген.

Лаштурдың отбасы өзге адамның баласын тәрбиелеп жатқанын байқаған. Бірақ 1999 жылы АҚШ-қа көшіп кеткендіктен, туған қызын табу мүмкіндігінен қол үзіп қалған. Олар арада 39 жыл өткеннен кейін көршісі мен «Фейсбук» желісі көмегімен өз қыздарын тауып алған.

Вера мен Николай Лаштурдың сөзінше, бастапқыда көршілері қыздарының оларға ұқсамайтынын айтқан. Мұнан кейін ерлі-зайыптылар Татьянаның нағыз отбасын табуға тырысқан. Бірақ іздеу шаралары еш нәтиже бермеген. Отбасы АҚШ-қа көшіп кеткеннен кейін, туған қыздары Валентина туралы деректер пайда бола бастаған. Олардың бұрынғы көршісі Суман отбасымен таныс болып шығып, қыздарының есімі кім екенін айтқан.

Мұнан кейін Татьяна мен «кіші інісі» Анатолий Валентина Суманды іздеуге кіріскен. Олар әйелді «Фейсбук» желісінен тауып алып, хабарласқан. Екі тарап сөйлесіп, фотосуреттермен алмасқан соң, Валентинаның Вера мен Николайдың туған қызы екеніне көз жеткізе бастапты. Жүргізілген ДНҚ сараптамасы бұл деректі растады. Өз кезегінде Татьяна да туған ата-анасымен қауышты.

Енді Лаштур отбасы Валентинаны Рождество мейрамында АҚШ-қа шақыру үшін ақша жинап жатыр. Ата-анасы уақыт өте келе Валентинамен бірге өмір сүретінінен үміттенеді.

Оқи отырыңыз:

Англиялық қыз сүйіктісі үшін 220 килограммға дейін семірген (фото)

Тынық мұхитында су бетінде қалқып жүретін «еркін адамдар» қаласы пайда болады (фото, видео)

«Мен жатырымды жалға бердім, ал олар баламды тартып ала жаздады»: АҚШ-тағы суррогат ананың оқиғасы (фото)

Колумбия әуежайында иесін сағынған ит құсадан қайтыс болды

Талқылау