Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыз сүйіктісі үшін 220 килограммға дейін семірген (фото)

Кингстон-апон-Халл қаласының 18 жастағы тұрғыны Кирсти Моунсидің салмағы 222 килограммға жеткен. Ол сүйіктісі үшін артық салмақ қосқан екен.

Кирсти Моунси бала кезінен семіздікке бейім болған. 11 жасында қыздың салмағы 100 килограммға жеткен. Семіздігінен ұялған қыз үнемі кең киім киіп, өзін өзгелерден төмен санайтын болған. Себебі артық салмағы үшін сыныптастарының мазағына ұшыраған.

«Мен тамақ жегенде ойым бөлінетін. Бақытсыздығым, мектепте көрген қорлығым туралы ойламайтынмын», – дейді Кирсти Моунси.

18 жасында Кристи 28 жастағы Алекспен танысқан. Жігіт толық қыздарды ұнататынын айтқанда, Кристи абдырап қалған.

«Артық салмақпен күреспей-ақ өмір сүре алатыныма қуандым. Себебі мені дәл осы қалпымда жақсы көретін адам бар. Сондықтан сүйіктім менімен бақытты болуы үшін, емдәмнан бас тарттым. Ол жақсы жігіт болатын. Бір-бірімізді қатты жақсы көрдік. Ол маған сенімділік сыйлады. Осы қалпымда әдемі бола алатыныма сендірді. Екі жыл ішінде 100 килограммнан артық салмақ қостым», – дейді Кирсти.

Алекс Кристидің артық салмақ қосу туралы ойын барынша қолдауға тырысқан. Тіпті «Big Beautiful Woman» сұлулық байқауына қатысуды ұсынған.

«Байқауға қатысқан басқа қыздар толық еді. Бірақ мен оларға қарағанда мүлдем семіз едім. Олар өз салмағымен мақтанатын. Мен де семіздігіммен мақтанатын кейіп таныттым. Осы арқылы жасөспірімдерге бақыт дене бітіміне байланысты емес екендігін дәлелдегім келді. Алайда бұл маған ұнамайтын. Мені көбісі мазақтайтын. Ол өзіме деген сенімділігімді төмендетті.  Адамдар менің семіз әрі ұсқынсыз екенімді айтып кемсітті. Тіпті, бір адам өзімді өлтіруім керек екенін айтты. Бұл өмірімдегі ең сұмдық жағдай еді», – дейді Кристи.

Артық салмақ қосқаннан бөлек, Кристидің денсаулығы нашарлай бастаған. Оны қан қысымы көтеріліп, өздігінен киініп, баспалдақпен көтеріле алмаған.

«Мен өзімді қоғамға пайдасыз сезіне бастадым. Тіпті өз-өзме қол жұмсау туралы да ойлай бастадым», – дейді Кирсти Моунси.

Кристиге 10 жасар сіңлісі келген кезде, оның өмірі күрт өзгерген.

«Мен сіңлімді саябақта серуендеуге апара алмадым. Онымен бірге доп ойнай алмайтын хәлге жеттім. Сіңліме қандай үлгі беріп жатқанымды ойлап, қатты уайымдадым», – дейді Кристи.

Кристи отбасының хирургиялық жолмен асқазанының көлемін кішірейту туралы ұсынысын қабыл алған. Дәрігерлер отадан кейін қыздың аман қалмауы мүмкін екенін ескерткен.

«Мен бәрі-бір өліп бара жатқан едім. Сондықтан жаңа өмір бастау мүмкіндігін ойланбастан қабыл алдым. Өзімді тағаммен өлтіріп жатқандай едім. Бірақ бұл ойым Алекске ұнамауы мүмкін екенін ойлап, уайымға салындым. Алекс мен қолдады. Ол менің толықтығымды емес, өзімді жақсы көретінін айтты», – дейді Кристи.

Ота сәтті өткен. Кристи артық салмақтан арыла бастаған. Ол арықтаған кезде, Алекс тастап кеткен.

«Алекс – менің алғашқы махаббатым. Онымен әрдайым жақсы қарым-қатынаста боламын. Артық салмақтан арылғанымда, өзімді тапқанымды түсіндім. Алекс екеуіміз екі түрлі адамға айналдық. Ол менің толық болып қалғанымды қалады деп ойлаймын. Бірақ мен мұны қаламаймын. Семіріп кеткенім үшін Алексті кінәламаймын. Бәрін өзім жасадым», – дейді Кирсти Моунси.

Кристи әлі де өзін толық санайды. Алайда қазір оның денсаулығы жақсарған. Оған ер адамдар да назар аудара бастаған.

«Денемде артық тері қалды. Бірақ одан әзірге арылар ниетім жоқ. Ең бірінші өз мақсатыма жетуім керек», – дейді Кирсти.

Қазіргі уақытта Кристидің салмағы 95 килограмм тартады және 16-өлшемдегі киім киеді. Бірақ оның мақсаты – 10-өлшемдегі киім кию.

«Бұрын жасаған қателіктерімнен сабақ алып, өзгелерге көмектескім келеді. Кодиге дұрыс тамақтануды үйретіп жүрмін. Сонымен қатар арықтағыы келетін қыздарға онлайн түрде кеңес беремін», – дейді Кирсти Моунси.

Оқи отырыңыз:

Тынық мұхитында су бетінде қалқып жүретін «еркін адамдар» қаласы пайда болады (фото, видео)

«Мен жатырымды жалға бердім, ал олар баламды тартып ала жаздады»: АҚШ-тағы суррогат ананың оқиғасы (фото)

Колумбия әуежайында иесін сағынған ит құсадан қайтыс болды

Ол қартаймай ма: Көпшілік суреттегі үш қыздың қайсысы анасы екенін таппай бас қатыруда (фото)

Талқылау