Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тынық мұхитында су бетінде қалқып жүретін «еркін адамдар» қаласы пайда болады (фото, видео)

Тынық мұхитының Таитиге жақын жерінде әлемедегі тұңғыш су бетінде қалқып жүретін қала пайда болады. Мұндай жобаны Seasteading  коммерциялық емес институты жүзеге асырмақ. Қалқымалы көпір үстіне салынатын қала алдағы 10 жыл ішінде салынады.

Жобаны PayPal негізін қалаушы Питер Тил қаржыландырып отыр. Ол  Халықаралық суларда жүзіп, өз заңымен өмір сүретін еркін қала салмақ.

Шетелдік БАҚ хабарлағандай, Питер Тилдің жоспарын Франциялық Полинезия билігі мақұлдаған.

118 аралдан ұратын кішігірім мемлекет «болашақ қаласына» жағалық сызықтан 400 000 шаршы метр аумақ бөлген.  Полинезия мемлекеті билігінің аталған жобаны қолдауда өз мүддесі бар. Әлемдік мұхит деңгейі көтеріліп келе жатқандықтан, Франциялық Полинезия су астына кетіп барады. Ендігі мемлекет билігі «болашақ қаласының» арқасында аман қалуды көздеп отыр.

«Біз қорғалған суларды іздеген едік. Ашық мұхитта қала салу техникалық тұрғыдан мүмкін. Бірақ экономикалық жағынан қарастырсақ, тиімсіз болып табылады», – дейді Seasteading директоры Джо Квирк. Бизнесмен 2050 жылдарға қарай мұхит бетінде осы сияқты бірнеше қала пайда болып, олардың әрқайсысында өз басқару жүйесі болатынына сенеді.

Қаланы мозайка принципі бойынша салынады. Яғни 100 жыл көлемінде үш қабатты ғимараттарды көтеріп тұра алатын бесбұрышты платформалар үстіне тұрғызылады.

 

Талқылау