Ата-анасы 30 жастағы жұмыссыз ұлдарын сот арқылы үйден қуып шықты
АҚШ-та ата-анасы өздеріне масыл болған 30 жастағы жұмыссыз ұлдарын сот арқылы үйлерінен кетуге мәжбүрледі.
Бұл туралы CNN порталы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Майкл Ротондо 22 жасында отбасын тастап ата-анасына қайтып келген және содан бері солармен бірге тұрды. Осы уақыт ішінде ата-анасы ұлдарына жұмыс табуы керек екенін бірнеше рет айтқан. Тіпті, оған жаңа тұрғын үй табу үшін ақша беріп, бес рет қорғаушы арқылы үйден кету туралы хабарлама жіберген.
«Қажет емес заттарды сат. Мысалы, музыкалық аппарат және кейбір құралдарды сатуға болады. Саған ақша керек. Тіпті тәжірибесі жоқ адамдар үшін де жұмыс бар. Сонда барып қызметке орналас. Сен жұмыс істеуің керексің», – делінген хаттардың бірінде.
Осы уақытқа дейін ата-анасына жәрдемдеспеген Ротондо Нью-Йорк жоғарғы сотының үкімін тыңдағаннан кейін, шешім қабылданғанға дейін алты ай уақыт беруді талап етті. Бірақ соттағылар оның бұл ұсынысын мақұлдамады.
«Осы жылдар бойы ешкім менен үй шаруасына қаражат жұмсағанымды немесе үй шаруашылығындағы істерге көмектесетінімді күтпеді. Содан мен мұндай жағдай барлығын қанағаттандырды деп ойладым»,-дейді Ротондо.
Жігіттің айтуынша, оның өз кәсібі бар, бірақ қандай бизнес екенін айтудан бас тартты.
Басылымның ақпаратына сүйенсек, ер адам үйден кетуге және жұмыс іздеуден бас тартқан екен. Себебі ол бүкіл уақытын өз ұлымен кездесу құқығын қайтарып алуға жұмсаған. Ал, баланың шешесі ұлын әкесімен кездестіруге қарсылық білдірген.
Ротондо біраз уақыт бойы тұрмыстық заттар сататын дүкенде жұмыс істеген. Бірақ ол бұл компанияда да ұзақ отырмады. Ол тіпті, сенбі күні жұмыс істеуге мәжбүрлеген мекемені сотқа берген. Оның айтуынша, ол осы күні ұлымен кездесуі керек болатын, алайда жұмыстың кесірінен жүздесе алмаған. Ер адам өз уақытында техник мамандығы бойынша колледжге түскенін, бірақ ол математиканы білмегендіктен оқуын тастап кеткенін айтты.
Оқи отырыңыз:
24 жастағы әйел төрт жасар ұлын өлтірмек болып, бірнеше күн бойы шкафқа қамап қойған
Дене бітімі мінсіз модель керемет пішінді ұстап тұру үшін неден аулақ болу керектігін айтты (фото)
Жол полициясының қызметкері жаңбыр кезінде жұмысына жалаңаяқ шыққан (видео)
Бразилиялық бойжеткен жүкті екенін босану кезінде біліп, заң бұзған