24 жастағы әйел төрт жасар ұлын өлтірмек болып, бірнеше күн бойы шкафқа қамап қойған

Төрт жасар ұлын баяу өлтірмекші болып, оны бірнеше күн бойы шкафта қамап ұстаған Мичиган қаласының тұрғыны 50 жылға бас бостандығынан айырылды.

24 жастағы әйел төрт жасар ұлын өлтірмек болып, бірнеше күн бойы шкафқа қамап қойған

Бұл туралы People хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Сот үкімі барысында сот төрағасы Сара Линкольн осы уақытқа дейін сотталушылар орындығынан 24 жастағы Меган Шуг секілді ең жаман адам көрмеппін дейді.

«Сіз оны баяу, қинап өлтірмекші болдыңыз. Егер сіз баланы өлтіруді қалаған болсаңыз, оны жылдам және қинамай өлтірер едіңіз. Бірақ сіз оны ұзақ уақыт азаптаптадыңыз»,-деді сот төрағасы Сара Линкольн.

2017 жылдың наурыз айында Шуг әліреп қалған ұлы Малойдты жергілікті ауруханаға алып келді. Төрт жасар бала әрең дем алып, өмір мен өлімнің арасында жатты. Бүлдіршінді ауруханаға алып келген оның аяғы байлаулы және бір аяғында саусақ болмаған. Бала хәл үстінде жатқандықтан, дәрігерлер оның аман қалуға мүмкіндігі жоқ деп қорықты.

Сот отырысы барысында Меган бұл жағдайға қатты өкінетінін айтты. Оның айтуынша, ол ұлын жігіті Исаак Миллерден қорғау үшін шкафқа қамап қойған. Сондай-ақ, 38 жастағы ер адамға да баланы екінші дәрежелі қатыгездікпен қинағаны үшін айып тағылды.

Қазіргі уақытта төрт жасар Малойд өзін асырап алуды жоспарлап отырған отбасында тәрбиеленуде.

Оқи отырыңыз:

Дене бітімі мінсіз модель керемет пішінді ұстап тұру үшін неден аулақ болу керектігін айтты (фото)

Жол полициясының қызметкері жаңбыр кезінде жұмысына жалаңаяқ шыққан (видео)

Бразилиялық бойжеткен жүкті екенін босану кезінде біліп, заң бұзған

Ғалымдар таза ортаның балалар үшін қауіпті екенін анықтады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар