Бойжеткен жүкті екенін босану кезінде біліп, заң бұзған

Заң бойынша босануға тыйым салынған Бразилияның Фернанду-ди- Норонья аралында 12 жылда алғаш рет кішкентай нәресте дүниеге келді. Бір қызығы оның анасы босанғанға дейін жүкті екенін мүлде білмеген.

Бразилиялық бойжеткен жүкті екенін босану кезінде біліп, заң бұзған

Бұл туралы O Globo порталына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Нәрестені 22 жастағы бойжеткен 19 мамырда дүниеге әкелген. Алайда, бразилиялық азаматша бұл жағдайға таңғалып отырғанын мойындады. Себебі, ол жүктілік сынақтарын жасаған кезде, теріс нәтиже алған екен.

«Жұма күні ішім қатты ауырды. Содан ванна бөлмесіне бардым. Бір уақытта екі аяғымның ортасынан бір нәрсенің шығып келе жатқанын көрдім», – деді ол.

Зәре-құты қашқан бойжеткен бірден жігітіне хабарласқан. Ал ол жаңа туған қыздың кіндігін кесуге көмектескен. Бұл жаңалық жас ана мен сәби жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген кезде белгілі болды.

Ал, жергілікті тұрғындар жас босанған анаға балаларға арналған киім-кешек беріп, бұл оқиғаны атап өтуге шешім қабылдаған.

Айта кетейік, Фернанду-ди-Норонья аралы материктен 350 шақырым жерде орналасқан. Онда шамамен 3 мың адам тұрады, бірақ бірде-бір перзентхана жоқ. Сондықтан, заң бойынша болашақ аналар аралдан материкке көшулері керек. Сондай-ақ, арал өзінің курорттарымен танымал. 2017 жылы Baia do Sancho жағажайы әлемдегі ең үздік демалыс орны деп танылған болатын.

Оқи отырыңыз:

Ғалымдар таза ортаның балалар үшін қауіпті екенін анықтады

Ер адам баласын суға сүйреп бара жатқан төрт метрлік қолтырауынды жеңіп, ұлын құтқарды

Қытай әр отбасындағы бала санына қатысты шектеуден бас тартуы мүмкін

Рамазан айында жұмыс істеп жатқан мұсылмандар еврейлер үшін қауіпті саналуда

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
22.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар