Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада құны 1 млн көше шамдарын ұрлаған екі күдікті ұсталды

Астана қаласы “Сарыарқа” аудандық ІІБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының барысында 23 және 29 жастағы Ақмола облысының екі тұрғынын құрықтады. Күдіктілер Құсмұрын-Тарбағатай көшелерінің қиылысындағы алаңда көшені жарықтандыратын шамдарды ұрлап кеткен.

12047941

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Құны бір миллион теңгеге жуық 50 жарықтандыру құралдары Астана саябағынан ұрланды, күдіктілер ұсталды деп хабарлайды елордалық ІІД баспасөз қызметінен.

“Астана қаласы “Сарыарқа” аудандық ІІБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының барысында 23 және 29 жастағы Ақмола облысының екі тұрғынын құрықтады. Күдіктілер Құсмұрын-Тарбағатай көшелерінің қиылысындағы алаңда көшені жарықтандыратын фонарьларды ұрлап кеткен”,-делінген хабарламада.

Жарықтандыратын құралдардарды ұрлау фактісімен ҚР ҚК «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі өндіріс жүргізілуде.

“Тергеу кезінде анықталғандай, күдіктілер алаң аумағында көріктендіру жұмыстарымен (қиық тастарды төсеген) айналысқан уақытта қаскүнемдік жол арқылы қосымша қаржы табу ойға келген. Күдіктілер жалпы сомасы бір миллион теңгеге жуық 50 жарықтандыру құралдарын (фонарь) ұрлаған”, – деп көрсетілген хабарламада.Қазіргі уақытта полицейлер түрлі түсті металлдарды қабылдайтын пунктілерге тапсырылған 47 шамдыды тәркіледі.

Оған қоса, полицейлер ұсталған күдіктілердің осыған дейінгі басқа да қылмыстарға қатысын анықтауда.

Талқылау