Астанада 13 адам зардап шекті, ал синоптиктер жаңа дауыл туралы ескертуде

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, 22 мамырда елорда аумағында екпіні 25 м/с жететін дүлей дауыл соққан болатын. Қазір Астананың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимдегі жұмысқа кірісіп, дауылдың салдарын жойып жатыр. 14:30-дағы жағдайға сәйкес жедел жәрдем қызметіне жеңіл жарақат алған 13 адам жүгінген.

Астананың коммуналдық қызметтері бүгінгі дауылдың салдарын жойып жатыр

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Дауыл салдарынан Түркістан көшесіндегі құрылыс алаңында мұнара кран, Бейбітшілік және келісім сарайы ғимаратынан керамокранит, Арнасай 127 мекен-жайы бойынша орналасқан тұрғын үй алабының төбесінен шатыр жабындысы құлап, № 24 ОМ ғимаратының, Үркер шағын ауданында Е- 638 мекен-жайы бойынша орналасқан № 91 балабақшаның шатыр жабындысы ұшып кетіп, автокөлікке зақым тиді.

Оқыс оқиғалардың салдары туралы ақпаратты қала тұрғындары 109 телефоны бойынша Ikomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығына хабарлай алады.

Сондай-ақ, «Қазгидромет» РМК-ның мәліметі бойынша 23 мамырда елорда аумағында желдің күшеюіне байланысты дабылды ескерту жарияланды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 25 м/с  дейін жетпек, ол нормадан 2 есе артық.

Күндіз жаңбыр жауып, күшті жел соғуы ықтимал. Ауа райының қолайсыздығына байланысты ведомство мамандары қатты жел кезінде пәтердегі немесе үйдегі терезелерді тығыз жабуға, терезеден сыртқа құлап кетуі мүмкін заттарды балкондардан алып тастауға,  көшедегі бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, ЭЖЖ және сымдардан алыс жүруге тырысуға; үзілген сымдарға және қозғалып тұрған заттарға жақындамауға; олардың жанында көлікті қалдырмауға, жел басылғанша ең жақын тұрған ғимаратта, яғни дүкен, кітапхана, сауда орталығы, үй подъезді, кинотеатрда жасырынуға кеңес береді.

Бүгін Елордада қатты дауыл тұрып, бұршақ жауды. Соның салдарынан Бейбітшілік және келісім сарайының терезесі сынып, қаладағы көрікті ғимараттар бүлінген. Астана тұрғындары мен қонақтары дауыл кезіндегі суреттер мен видеоларды әлеуметтік желіге жарыса салып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Астана әуежайында жолаушылар ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетті

Шілде айынан бастап зейнетке шығу жүйесі жеңілдетілмекші

Атырауда жасөспірімдер лифт шахтасына құлап көз жұмған үйдің тұрғындары оқиғаның мән-жайын айтты (фото, видео)

Биыл ҰБТ-ға қатысты түлектерге көмек болатын бірнеше жеңілдіктер енгізіледі

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар