Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әуежайында жолаушылар ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетті

Астана халықаралық әуежайында Шымкент-Астана рейсі бойынша қонған жолаушылар ұшағы ұшып-қону жолағынан шығып кетті.

«Бүгін Астана әуежайында Шымкент-Астана рейсі бойынша қонған Эйр Астана әуекомпаниясының «Эйрбас-320» ұшағы ұшып-қону жолағынан шығып кетті. Қозғалтқышқа зақым келген. Ұшақтың арнайы жолақтан шығып кетуіне байланысты аэродром сағат 13:30-дан 14: 10-ға дейін жабылды», – делінген Азаматтық авиация комитетінің мәлімдемесінде.

Астана әуежайында жолаушылар ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетті

Ұшақ әуетұраққа сүйреп әкелінген екен. Қазіргі уақытта елордалық әуежай әдеттегі тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Компания 88 жолаушы мен экипаждың 9 мүшесі ешқандай жарақат алған жоқ деп хабарлады. Енді  әуекомпания болған оқиғаға қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Оқи отырыңыз:

Шілде айынан бастап зейнетке шығу жүйесі жеңілдетілмекші

Атырауда жасөспірімдер лифт шахтасына құлап көз жұмған үйдің тұрғындары оқиғаның мән-жайын айтты (фото, видео)

Биыл ҰБТ-ға қатысты түлектерге көмек болатын бірнеше жеңілдіктер енгізіледі

Алматыда оқушы қызға шабуылдаған «вампир ер адам» ұсталды (фото)

Талқылау