Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда жасөспірімдер лифт шахтасына құлап көз жұмған үйдің тұрғындары оқиғаның мән-жайын айтты (фото, видео)

Атырауда жасөспірімдер лифт шахтасына құлап көз жұмған үйдің тұрғындары оқиғаны мән-жайын айтып берді. Әйелдердің сөзінше, шақырылған жедел-жәрдем ұзақ күттірген.

Атырауда жасөспірімдер лифт шахтасына құлап көз жұмған үйдің тұрғындары оқиғаны мән-жайын айтты (фото, видео)

Бұл туралы Мой ГОРОД порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Әйелдердің бірінің сөзінше, қайғылы жағдай орын алған кезде, олар бірден жедел жәрдем шақырған.

«Біз бәріне хабарласа бастадық. Жедел жәрдем шақырдық. Желілердің барлығы бос болмады. Әкесі көмекке шақырып айқайлады. Баланың жүрегі соғып тұрған. Мұнан кейін жедел жәрдем келді», – дейді әйел.

Ал қайғылы жағдай орын алған үйде тұратын тағы бір тұрғынның айтуынша, жедел жәрдем ұзақ күттірген.

«Жедел жәрдем кеш келді. 15-20 минут күттік. Оны зеңбілге салып алып кетті. Іші ашық болған. Қан болған сияқты», – дейді тұрғындардың бірі.

Атырауда жасөспірімдер лифт шахтасына құлап көз жұмған үйдің тұрғындары оқиғаны мән-жайын айтты (фото, видео)

Алайда Атырау облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Алмагүл шағын ауданы мекен жайы бойынша қоңырау сағат 22:22-де түскенін мәлімдеді.

Атырауда жасөспірімдер лифт шахтасына құлап көз жұмған үйдің тұрғындары оқиғаны мән-жайын айтты (фото, видео)

«Жедел жәрдем дәрігерлері оқиға орнына келген кезде, зардап шеккендердің бірі қайтыс болып кеткен. Дәрігерлер тек өлім жағдайын тіркеді. Ал зардап шеккен екінші ұл бала бас сүйек-мидың жабық жарақатын алып, омыртқасының мойын жақ бөлігі сынған. Сондай-ақ, комаға түскен. Ол Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Алайда сағат 00:50-де қайтыс болды», – дейді денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Естеріңізге сала кетсек, 21 мамырда сағат 22:30 шамасында Алмагүл ықшамауданындағы №19 үйде екі жасөспірім лифт шахтасына құлап кетіп, мерт болды.

Оқи отырыңыз:

Биыл ҰБТ-ға қатысты түлектерге көмек болатын бірнеше жеңілдіктер енгізіледі

Алматыда оқушы қызға шабуылдаған «вампир ер адам» ұсталды (фото)

ОҚО-да 15 жастағы қыз 60 жастағы жездесінен бала босанған

Алматыда менингиттен көз жұмған баланың туыстары: Ешкімге кінә артпаймыз

Талқылау