Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада қатты дауыл мен бұршақ салдарынан кран құлап, “пирамиданың” терезесі сынған (фото, видео)

Астанада бүгін қатты дауыл тұрып, бұршақ жауды. Салдарынан Бейбітшілік және келісім сарайының терезесі сынған. Елорда тұрғындары мен қонақтары дауыл кезіндегі суреттер мен видеоларды жарыса бөлісіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz.

Астанада қатты дауыл мен бұршақ салдарынан кран құлап, "пирамиданың" терезесі сынған (фото, видео)

Астанада қатты дауыл тұрып, бұршақ және жаңбыр жауды.  Салдарынан Бейбітшілік және келісім сарайының терезелері сынған. Әзірге ел арасында «пирамида» аталып кеткен ғимарат терезелерінің сынуына ненің себеп болғаны белгісіз. Тек желіде тараған сурттерден ғимараттың терезелеріне зақым келгені байқалады.

Сондай-ақ, елордадағы Түркістан және Алматы көшелерінің қиылысында қатты дауыл салдарынан мұнаралы кран құлады.

«Қазіргі уақытта мұнаралы кранның құлағаны нақты белгілі. Кранды бөлшектеу бойынша жұмыстар жүргізілген», – дейді ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Сонымен қатар дауыл ғимараттың шатырын ұшырып әкетіп, олар көліктердің төбесіне құлап жатты. Оқиға орнында болған куәгер бұл жағдайда видеоға түсіріп алған.

Оқи отырыңыз:

Атырауда жасөспірімдер лифт шахтасына құлап көз жұмған үйдің тұрғындары оқиғаның мән-жайын айтты (фото, видео)

Биыл ҰБТ-ға қатысты түлектерге көмек болатын бірнеше жеңілдіктер енгізіледі

Алматыда оқушы қызға шабуылдаған «вампир ер адам» ұсталды (фото)

ОҚО-да 15 жастағы қыз 60 жастағы жездесінен бала босанған

Талқылау