Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да көкөніс сатып отырған бойжеткенді бірнеше жігіт көлікке күштеп отырғызып, алып қашқан

Елімізде жас қыздарды алып қашу оқиғалары тыйылатын емес! Таяуда ғана мектеп бітіру кешінен соң келін боп түскен бойжеткеннің видеосы тарап, бұл әрекет дүйім жұрттың ашуына тиді. Ал көкөніс сатып отырған жерінен сатушы қызды алып қашқан жігіттердің кім екені анықталды. Ең қызығы, жора-жолдастарына 10-ға жуық қаракөзді алып қашуға көмектескен азамат ол қыздардың бәрі бақытты екенін айтты.

Астаналық жігіт: 10 шақты қызды алып қашуға қатыстым, қазір олардың бәрі бақытты

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

Үстінде қызыл лента, басында ақ орамал! Мектептен түлеп ұшқан бойжеткеннің бірден отбасылық өмірге осылайша жолдама алғаны көпшіліктің қызу талқысына түсіп, әп-сәтте ғаламторды шарлап кетті. Әзірге, оқиғаның нақты қай жерде болғаны белгісіз. Тек, видеода оқушы қыздың үйдің табалдырығын саналы түрде аттағаны көрініп тұр.

Ал Оңтүстік Қазақстанда көкөніс сатып отырған бойжеткенді бірнеше жігіт жеңіл көлікке күштеп отырғызып, тайып тұрған. Талдырмаш ару жұрттан көмек сұрағанымен, оған ешкім араша түспеген. Ішкі істер департаментінің мәліметінше, сатушы қызды алып қашқан жігіттердің кім екені анықталған. Бойжеткеннің оларға арыз-шағымы болмапты. Бүгінде ол сол азаматқа тұрмысқа шығып, келін атаныпты.

Оңтүстік өңір үшін қызды алып қашу қалыпты жағдай. Мұндағы цифрдан жаға ұстайсың. Статистикаға жүгінсек, соңғы бес айдың ішінде 49 бойжеткеннің некесі еркіннен тыс қиылған! Ал 2017 жылы 106 қыз алып қашудың құрбаны болса, оның 14-не қатысты тергеу-тексеру амалдары әлі жүргізілуде.

«Былтырғы жылмен салыстырғанда 53,6 пайызға төмендеген. Осы қылмыстың ішінде қылмыстық құралымының болмауына байланысты 35 тоқтамға алынған. Қазіргі таңда 14 жәйт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Шешімдер қабылданатын болады» – дейді ОҚО ІІД Тергеу басқармасының аға тергеушісі Исфандияр Құралбаев.

Қыздардың намысын жерге таптап, адам құрлы санамауы жабайлық, деп есептейді депутат Бақытгүл Хаменова. Оның пайымынша, өрімдей қылып өсіріп отырған аруларды алып қашу сорақылықтың белгісі.Тіпті, мұндай қадамға барған азаматтарды жауапқа тартқан дұрыс, дейді.

«Дәстүр ол қасиетті нәрсе, оған ешқандай қарсылығым жоқ. Ол дәстүр де, келісім арқылы болса, ол міне шанайы дәстүр. Ал, ол жаңағы Ерте замандағы сондай бір жабайылықтың көрінісін жасауға болмайды. Мен де қыз өсіріп отырған анамын. Менің де өрімдей қылып өсіріп отырған қызымды айдың күннің аманында біреудің алып қашуы әрине мен сорақылық деп бағалар едім» – дейді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Бақытгүл Хаменова.

Заңгер Шыназбек Маханов қызды еркінен тыс алып қашу – қылмыс. Мұндай қадамға барған жігіттер 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын айтады. Сол себепті, кез келген жігіт оқиғаның куәгері болса да жауапқа тартылады екен.

«Бұл жағынан Қазақстан Республикалық қылмыстық кодексінің 125 бабы бар. Бұл алдын ала топ байланысып, адам ұрлау бағытына жатады. 7 жылдан 12 жылға дейін. Екінші бапқа кетіп қалуы мүмкін, қылмыстық кодекстің. Ол қыз зорлау. Адам ұрлаумен қылмыстық кодексте ондай жеңілдететін мән жай көрсетілмеген. Сондықтан, бізге қатты тиеді. Сондықтан ойланып істеу керек» – дейді заңгер Нышазбек Маханов.

Астаналық жігіт: 10 шақты қызды алып қашуға қатыстым, қазір олардың бәрі бақытты

Ал, Нағызхан Ерімбет 10-ға жуық қызды алып қашуға себепкер болған сабаз. Айтуынша, қазір сол бойжеткендердің бәрі бақытты. Балалы-шағалы. Тіпті, оған алғысын айтып жататын көрінеді. Осылайша, қыз алып қашуға әбден машықтанған ол ескі дәстүр көптеген қыздардың бағын ашатынына сенімді.

«Алып қашуға ат салысқан 9-10 қаздай алып қаштық. Әрдайым үйіне барған кезде шәй дайындап тұрады» – дейді қала тұрғыны Нағызхан Ерімбет.

Әзірге, қыз алып қашуға қатысты қатаң тыйым жоқ. Тек, заңгер мамандар оны адам ұрлаумен тең дейді. Сол себепті, оның заң алдындағы жауапкершілігі өте жоғары екенін ұмытпаған жөн.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау