Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық наркодиспансерде өлім: Дәрігерлер мен полицейлер марқұмның отбасынан кешірім сұрады

Кісі өліміне күдікті деп танылған полицейлер мен дәрігерлер марқұмның туысқандарынан кешірім сұрады.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан басылымы хабарлайды.

Николай Кривенконың өліміне кінәлі сержант Берік Мырзабеков, фельдшер Саят Сатын, санитарлар Фархат Қамбетов пен Сұңғат Темірғалиев сотта соңғы сөздерін айтты. “Мен барлығынан тағы бір мәрте кешірім сұраймын. Құрметті сот, бұл істе әділ шешім қабылдап, әркімге лайық жазасын бересіз деген үміттемін”, – дейді фельдшер Саят Сатын.

Ал полицей өзіне әріптестерінің тарапынан жала жабылып отырғанын айтты. “Әріптестерім жабылып бұл іске мені кінәламақшы. Иә, мен қызметтік лауазымымды пайдаланғанымды мойындаймын және бұл ісім үшін қатты өкінемін. Мен ұлыңызға күш көрсетпеуім керек еді. Бірақ, ол менің қолымнан өлген жоқ”, – дейді сержант Берік Мырзабеков.

Алайда санитар Қамбетов полиция қызметкерінің бұл сөзімен келіспеді. “Бірінші кезекте марқұмның туысқандарынан кешірім сұрағым келеді. Оған күш көрсету ойымда болмады. Мырзабековтың біз туралы сөзі жалған”, – дейді ол.

Екінші санитар Темірғалиев те кешірім сұрады. “Ата-анасынан балаларына адамгершілік таныта алмағаным үшін кешірім сұраймын. Мені кешіріңіздерші. Сіздер әділетті шешім қабылдайсыздар деген үміттемін”, – дейді ол.

Марқұм Николай Кривенконың анасы осы күнге дейін ешбір қызметкердің өз кінәсін мойындамағанын айтты. Аталған іске қатысты үкім бүгін, 3 қараша, күні шығады.


Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте ашық қалған құдыққа құлаған бала өлім аузында жатыр

Семейде жантүршігерлік жол апатынан 3 адам мерт болды

Маңғыстау облысының тұрғыны сыра сатпаған қыздың бетіне қайнап тұрған май шашып жіберген

Риддерде сіріңкемен ойнап жүрген бала үйін өртеп жіберді

Талқылау