Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде жантүршігерлік жол апатынан 3 адам мерт болды

Семейде жан түршігерлік жол апаты болып, үш адам қаза тапты. Марқұмдардың арасында 2 жастағы бала бар, деп хабарлайды КТК.

Жол апаты түн жарымында, қаланың қақ ортасында болған. БМВ-ны тізгіндеген 26 жастағы жүргізуші кішілеу көшеден үлкендеу жолға шығып келе жатқан Ладаны қағып өте шыққан. Соған қарағанда, неміс көлігі өте қатты жылдамдықпен келген сияқты. Ал Ладада отырған 64 және 24 жастағы екі әйел оқиға орнында жан тапсырды. Осы көліктен ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген баланың да өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Екі машинаның да жүргізушілері дін аман. Қазір полиция бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Олар жол апатына кімнің кінәлі екенін анықтап жатыр.

“Екі жүргізушінің кінәсін нақтылайтын сараптамалар және басқа да тергеу амалдары жүргізілуде. Соның нәтижесінде процесуалдық шешім қабылданатын болады. Қазіргі таңда, сот-медициналық сараптамасының негізінде БМВ автокөлігінің жүргізушісі сау болған. Ал, ВАЗ-2112  көлігінің жүргізушісінің де  ішімдік ішкені анықталған жоқ”, – дейді  Семей қалалық ІІБ баспасөз хатшысы Елеубек Оспанов.

Жіберіп алмаңыз:

Маңғыстау облысының тұрғыны сыра сатпаған қыздың бетіне қайнап тұрған май шашып жіберген

Риддерде сіріңкемен ойнап жүрген бала үйін өртеп жіберді

Қостанай тұрғыны туған анасын бірнеше рет өлтірмек болған

Талқылау