Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Риддерде сіріңкемен ойнап жүрген бала үйін өртеп жіберді

Риддерде кішкентай бала сіріңкемен ойнап жүріп үйін өртеп алды.

Бұл туралы Stan.kz  ШҚО ТЖД “ӨҚжАҚЖ” ММ-іне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқыс оқиға Полярная көшесіндегі жер үйде болған. Үйдегілер жанында жоқ кезде бала диванды өртеп жіберген. Өрт шыққанын үйдің иесі байқап, немересі мен егде жастағы анасын далаға алып шыққан. Осыдан кейін ол бірден өрт сөндірушілерді шақырады. Бірақ, үй иесі өртті құтқарушылар келгенге дейін өшіріп үлгереді.

Өрт сөндіріп жүріп үй иесі жарақаттанып қалған екен: мойны мен бетін аздап от шарпыған. Медицина қызметкерлері шұғыл көмек көрсетіп, ер адамды аман алып қалды. Өрт ауданы бес шаршы метрді құрайды. Аталған аймақта бір жылда 29 рет өрт болған екен.


Жіберіп алмаңыз:

Теміртауда екі жасар қызын өлтірген ер адам 20 жылға сотталды

Оралда студент қыз жатақханада асылып қалған

Дәрігерлер қателесіп алматылық әйелдің ішегінің жартысын кесіп алып тастаған

Алматы облысында әскери борышын бар жоғы үш күн өтеген сарбаз аяқ-асты қаза болды

Талқылау