Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы Сауран-Сығанақ көшелеріндегі су құбыры тозған соң жарылған

Бүгін түстен кейін Сауран-Сығанақ көшелерінің қиылысында диаметрі 800 мм шыны талшықты су құбыры жарылған. Бұл құбырлар 2001 жылы салынған. Шыны пластик құбырлардың сапасы осынша жылға шыдамай, жарылған.

9

6

«Астана су арнасы» мекемесінің сумен қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің басшысы Дүйсенбай Шайкенов мәлім еткендей, бұл  шыны талшықты су құбыры 2001 жылы төселген екен. Айта кетейік, сумен қамту жөніндегі қызметтің директоры әлі апат орнында жүр.

1

«Астана су арнасының» қызметкерлері жарылған құбырдың екі шетін жауып тастады. Бұл құбырлар 2001 жылы салынған, құбырдың төселгеніне 14 жыл болып қалды. Шыны пластик құбырлардың сапасы осынша жылға шыдамай, жарылды. Сондықтан, 15 жылға жуықтаған шыны талшықты су құбырларын ауыстыра бастау керек», – дейді Д.Шайкенов.

3

Бұған дейін бірқатар ақпарат құралдары Сауран және Сығанақ көшелерінде бірнеше үй судан ажыратылғанын хабарлаған еді. Д.Шайкенов бұл ақпаратты растай келе, қазір құрылысы әлі жүріп жатқан Сығанақ көшесіндегі үйден басқа үйлердің барлығына су қосылғанын хабарлады.

2

«Бүкіл үйлерде су қосылды. Түні бойы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, таңертеңге дейін апат салдары түгел жойылды. Барлығы 8 машина су сорды. Қазір «Астана су арнасының» қызметкерлері келіп, құбыр жарылған жерді қазады»,-деп түсіндірді ол.

4

Естеріңізге сала кетейік, бүгін шамамен түс ауа Сауран-Сығанақ көшелерінде су құбыры жарылып, су төрт көшеге тараған. Апат салдарынан бағдаршам істен шығып, осы ауданда ұзын сонар жол кептелісі орын алған еді. Қазір көшелердің қиылысындағы бағдаршамдар түгелдей жұмыс істеп тұр. Қаланың коммуналдық қызметі жаяу жүргіншілер жүретін жолдардың батпағы мен суын тазалауда.

5

7

8

Талқылау