Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада жас жігіт 23-қабаттан секіріп кетті

Астанада 22 жастағы жігіт өзіне қол салды. Ол өзіне қол жұмсар алдында хат жазып қалдырған.

23-қабаттан құлаған жігіт сол жерде жан тәсілім етті. Қайғылы оқиға 7 қарашаға қараған түні «Байқоңыр» тұрғын үй кешенінде болды, деп жазады Zakon.kz.

«Аталған іске қатысты тергеу жүруде. Марқұмның жеке тұлғасы анықталуда. Сараптама тағайындалды. Марқұм өлер алдында хат жазып қалдырған. Тергеу ісіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды», – делінген Астана қалалық полиция департаменітінің баспасөз қызметінде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау