Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада селфиге түсуге арналған саябақтар ашылмақ

Елордада қаланы көгалдандырудың жаңа бағыты — селфи-саябақтар ашылады. Таяуда селфиге арналған арнайы мүсіні бар үш саябақ салынады.

Селфи

Бірінші және ең ірі саябақ Жеңіс даңғылы мен Жангелдин көшесінің қиылысында болады. Оның көлемі  — 3 мың шаршы метрден астам. Бұдан аздап кішілеу осындай саябақ (2 мың шаршы метрден астам) Сарыарқа даңғылында орналастырылады, деп хабарлайды Krisha.kz.

Шамамен учаскенің үштен бір бөлігіне көшеттер мен гүлзарлар егіледі. Қалғанына жол төселіп, орындықтар мен жабдықтар қойылады. Бұл аумақта суретке түсуге арналған белгілер болады.

Жобаның тақырыбы — музыка. Астананың табиғи ресурстар басқармасының сараптамасынан өткен құжатта сельфиге музыкалық аспаптар арналатыны көрсетілген. Келушілер олардың кейбіреуін, мысалы, металдан жасалған төзімді дабыл немесе ксилофон аспаптарын пайдалана алады.

Әзірге жақын маңдағы тұрғындардың бұл идеяға қатысты пікірі  белгісіз. Тыныштықты жаны қалайтындар не дер екен?

Үшінші саябақ Молдағұлова көшесінде Жеңіс даңғылы мен Потанин көшесінің арасында ашылады. Бұл орын балаларға арналған. Онда құмсалғыш, төбешік және шытырман үй салынады. Селфиге түсетіндер үшін қызықты жер болмақ.

Жіберіп алмаңыз:

Шашылып жатқан бөлмеде селфи жасаған бойжеткен елдің сынына қалды (фото)

Қарағандыда телефонына қарап тұрған баланы автобус қағып кетті (видео)

“Дом-2” шоуы Қазақстанда кастинг жариялайды

Уақытша тіркеуге тұрмағандарға бір ай ішінде айыппұл салынбайды

Талқылау