Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада “Отан қорғаушылар” монументіне 1,5 мың қалампыр қойылды (фото)

Бүгін, 2016 жылғы 9 мамырда 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына орай “Отан қорғаушылар” монументіне салтанатты гүл қою рәсімі өтті.

11863774

Бұл туралы ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шараға ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов, соғыс және еңбек ардагерлері, мемлекеттік орган басшылары, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысында қаза болған қазақстандықтарды еске алу үшін жиналған елорда тұрғындары мен қонақтары қатысты.

11863969

11863974

“Бүгін мерекелік шараға Ұлы отан соғысының 45 ардагері құрметті қонақ ретінде қатысты. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан ардагерлердің көңіл-күйі көтеріңкі. Өкінішке орай, жылдан-жылға олардың саны азайып барады. Ардагер аталарымызға денсаулық тілеймін. Балалары мен немере, шөберелерінің ортасында аман-есен жүрсе екен деймін”, – деп атап өтті Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Бахтияр Пернебеков.

11864000

11863984

Бұл күні “Отан қорғаушылар” ескерткішіне 1 500-ге жуық гүл шоқтары қойылды. Гүл қою рәсімі ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің орындауындағы музыкалық шығармалармен сүйемелденді. Шара қатысушыларының жүзінен қуаныш пен толқыныс, ерекше мақтаныш сезімі байқалып тұрды. Қан майданда ерлікпен қаза болған отандастарымыздың рухына тағзым жасалып, бір минут үнсіздік жарияланды.


Оқи отырыңыз:

Қазақстандықтар Ұлы Жеңістің 71 жылдығын тойлап жатыр

Қазақстандық жұлдыздар майданнан келген хаттарды оқыды

Талқылау