Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада кез-келген климатқа төтеп бере алатын жеңіл рельсті көлік пайда болады

Астанада кез-келген климатқа қолайлы қоғамдық көліктің жаңа түрі пайда болады. Бұл туралы КТК арнасы хабардар етті.

cbde92aa1582e9b32c4915d5b63

Фото: astana.gov.kz

Транспорттың жаңа әрі ерекше түрі бір жылдан соң елорда көшелерімен жүйткімек. Жеңіл рельсті көлік “Экспо” көрмесіне жақын пайдалануға беріледі.

Заманауи вагондармен жүру де арзан емес. Жолақысы 200 теңге. Әзірге, рельсті көлік Есілдің сол жағалауымен адамдар тасиды. Қазір 18 станцияның құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Вагондарда барлық жағдай жасалған. Ішінде, жылыту қондырғылары, электронды төлем жүйесі, бақылау камералары және салқындатқышы болады.

Сонымен қатар вагондар Астананың бораны, жаңбыры мен желіне төтеп бере алатындай етіп, климаттың кез-келген түріне сай етіп құрастырылмақ.

Талқылау