Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналықтар қазақ қыздарының қытайлармен үйленуіне қарсы митингке шықты (видео)

Астанада белсенділер қазақ қыздары мен Қытай азаматтары арасындағы некеге тыйым салуды талап етіп митингке шықты.

Безымянный

Бұл туралы Kazday хабарлайды.

Республика даңғылы бойында орналасқан Қытай азаматтарымен танысуды ұсынатын неке агенттігінің алдына 30 шақты адам жиналды. Полицейлер шеруді сырттай бақылағанымен, кедергі келтірген жоқ.

Белсенділер қытай жігітіне тұрмысқа шыққан азаматшаларды Қазақстан азаматтығынан айыруды ұсынған.

“Ер адам жерді қорғайды, ал әйел – ұлтты” деп жазылған плакакттарда. Сондай-ақ, олар қазақ қызына үйленетін әрбір қытайлық ел қазынасына 50 000 доллар салық төлесін деген де талаптарын айтады.

Белсенділердің талаптарының арасында аталмыш неке агенттігін жабу да бар.

“Пекиннен келетін бай жігіттер Астанаға некелесу үшін ат басын бұрып жатыр. Бірқатар шаралар легі жоспарлануда. Толық қамтылған, европаша білімі бар, ағылшын, басқа да шет тілдерін меңгерген ер адам. Олардың анкеталарымен агенттік офисінде танысуға болады”, – делінген хабарламаларында.

Қазақстанға бай қытай жігіттерінің қыз іздеу мақсатында келетіндігі туралы ақпарат қоғамда ерекше қарсы резонанс тудырған болатын.

Оқи отырыңыз:

Серік Абас-шах тоқалымен елді құтқармақ болған Қыдырәліні әжуалады

Қазақстандық әйел туған қыздарын зорлап келген күйеуі туралы айтты

“Генерал келін” енесін жаңа түскен абысынынан қызғанып жүр

Семейде ауылдан туысқандарына келген әйел дүрбелең тудырды

Талқылау