Қытайлық бай азаматтар қазақ қыздарына құда түспек

Жұма, 6 Қаңтар , 2017 13:21

Қазақстандық қыз-келіншектерге бай қытайлықтарға тұрмысқа шығу ұсынылды. Неке агенттігінің бірі лайықты кандидат тауып, онымен кездестіруге уәде беруде. Оның құны – 25 мың теңге. Қытайлық бай азаматтар қазақстандық қыздарға көз тігетіні белгілі болды.

xw_1026410

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

«Бұл Қытай. Пекиндегі элиталық «Бойдақтар клубы» Астанаға некелесу мақсатында келе жатыр. Осындай хабарлама  бір аптадан бері ғаламторда кең тарап кетті. Онда 18- бен 40 жас аралығындағы қыз-келіншектерге құлаққағыс етеді. Елордалық неке агенттігі қыздарды бай қытайлықпен таныстыруға мүдделі. Анықтамалығына қарасақ, күйеужігіттің білімді екені, зиянды әрекеттермен айналыспайтыны, қалыңдығын Қытайға алып кетіп бар жағдайын жасауға дайын екені жазылған.

«Бұл азаматтардың бәрі Европада білім алған. Қытай, ағылшын, орыс тілінде сөйлейді. Олар Қытай, Жаңа Зеландия азаматтары. Өз кәсібі бар азаматтар қалыңдық іздейді», – дейді неке агенттігінің басшысы Татьяна Логвиненко.

Агенттік қалыңдықтарды анықтамасына қарай отырып, ішіндегі лайықтысын таңдайды. Кейін шетелдік азаматтар Қазақстанға келіп онымен кездеседі. Алайда, заңгерлер мұның жеңгетайлыққа ұқсастығын айтып, күмәнмен қарайды.

«Егер агенттік ер мен әйел бір-біріне психологиялық тұрғыда сай келе ме деп тексеретін болса, онда бұл нақты неке агенттіктерінің қызметі», – дейді заңгер-конфликтолог Олег Корчагин.

Заң бойынша елімізде мұндай агенттік қызметіне тыйым салынбайды. Алайда, мұндай ертегінің соңы жақсылықпен аяқталмай жататын кездер көп кездескен. Мәселен, Семей тұрғыны бес жыл бойы қытайлық азаматпен бірге тұрып, соңында баласымен ешкімге керексіз болып қалған еді. Күйеуі оған алимент те төлемеген.

«Өзге ұлтқа тұрмысқа шыққаннан бастап жаманатты бола бастайсың. Мен әлі күнге дейін туыстарыммен араласпаймын. Олар мені жиын-тойларына шақырмайды», – дейді Семей қаласының тұрғыны Ақмаржан.

«Мүмкін бұл жаман адамға ұрынып қалмас үшін ойластырылған жақсы ұсыныс шығар», «Неке қазақ пен шетелдіктің арасында жүреді. Онда тұрған ештеңе жоқ. Мен толенраттылықты қалар ем», – дейді сауалнамаға жауап берушілер.

Астанадағы неке агенттігі екі жылдан бері Қазақстан бойынша 100 жұпты некелестірген. Алайда, мұны мақтанышпен айта алмайды. Қытайлармен некелестіру жобасы үлкен нәтиже бермек. Оған сұраныс та көп болып шықты.

Жіберіп алмаңыз:

ІІМ: Біз әр пәтерді жеке-жеке тексермейміз

Қапшағайда бар ақшасынан айрылған азамат ойынхана қожайындарын полицияға ұстап беріп жатыр

Ақмола облысында жоғалып кеткен оқушының күйіп қалған денесі табылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

9
Комментариев
  • Анонимно says:

    бул маскараго

  • Анонимно says:

    Заңымыз неге сонша алсиз

  • Анонимно says:

    Бүндай сорақылыққа әсте жол берілмеуі керек

  • Айтжан says:

    Зан кайда калды.Егер руксат болса жесир калган ,жагдайы томен отбасы кыздарымен неге неке курмайды.Неге осы муктаж жандардын отбасына комектесип,руксатын алып,еызына неге куда туспейди.Неге казак кызы керек екен.Бунын астарында не ой турганын ким билипти.Егер де руксат берилсе.
    Руксат берген адамнын туыс,карындастарын бермеске.Ар адам ойлап корсинши.Ким карындасын (Нуржан Толендиев айтпакшы,баха шаян жеген балелерге)-ким киады карындасын…

  • Анонимно says:

    Көріп біле тұра көз жұмып қараймыз ертең 10000 қытай əр жылы бір жиеніміз туылса 10000÷5жылда=50000болады жиендеріміз ал олар өспейма 50000мың жиендеріміз 20-25 жылдан соң 5 есе көбейіп 50000÷5есе=250000 қытай жиендеріміз болады екен сонда бәрін есептегенде 10000+50000+250000=310000 болады екен олар осындай есеппен болмаса қытай солай тапсырма бергеніне таң қалмас едім.

  • Анонимно says:

    Заңмен қудалау керек шет ел азаматына шыққан қыздарды азаматтығынан айыру керек.

  • Анонимно says:

    Бырыншы осы агенттыкты курту керек кыз -келыншектер улттын ар намысы

    • Анонимно says:

      бұл қытайдың саясатына құрық бойламайды ау сірә бұлардың мақсаты келешекте қазақстанды жаулап алу біріншіден қызды алса содан кейін азаматтықты онан кейін жер сатып алса сонда бізді қара қытай баспай ма менің ойымша оған жол бермеуіміз керек ағайындар

  • Анонимно says:

    Онда турган бирдеме бар. Кудаласып алып жеримизден айрылып калмайык. Бурын олар зиялы азаматтарга кызын косып жаксы урпак алып калатын. Олар мын жылдыгын ойлайтын халык. Байкандар.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар