Қапшағайда бар ақшасынан айрылған азамат ойынхана қожайындарын полицияға ұстап беріп жатыр

Жұма, 6 Қаңтар , 2017 12:25

Қапшағайдың құмар ойыншылары астыртын ойынханаларды әшкере етуге кірісті. Олар қонақ үй мен аялдамаларда орналасқан осындай нысандар жайлы полицейлерге хабарлап жатыр. Бұл туралы КТК хабарлайды.

e885e8aae1c0c2adc403acd38fb30925

Бірақ жылдар бойы бизнесін дөңгелетіп келе жатқандардың ісі аяқсыз қалып қояды екен. Осы жолы да арыз жазылғанына қарамастан тәртіп сақшылары астыртын ойын ордасының табалдырығынан аттай алмай, есік алдынан кері қайтты.

Қапшағай тұрғыны Жұмахан Тұрмағамбетов құмар ойын десе ішкен асын жерге қойып, тапқан табысын ойын автоматтарына жұмсайтын. Екі жыл бұрын қомақты соманы ұтылған соң жүрегі ұстап, бұл істен алыстауға бел буыпты. Бірақ көше бойындағы аялдама мен қонақ үйде орналасқан шағын казинолардың астыртын жұмысы мазасын алып жүр.

Терезелері тұмшаланып, темір есік салынып, сырты бақылау камерасымен жабдықталған автобус аялдамасында 30-дан астам ойын автоматы бар. Ұтысқа қол жеткізіп көру үшін кемінде 1000 теңге салуың керек. Бірақ ойын онымен тоқтай қоймайды. Келесі нысанда кәдімгі казинолардағы рулетка да бар. Қызыл және қара түске бәс тігіп жатқандардың қарасы да аз емес. Себебі заңды ойынханаларға кіру үшін қалтаңда кемінде 35 мың теңге болуы керек. Ал бұл жерде ондай шектеу жоқ.

988

“7-8 жыл бұрын ашылып, сол кезден бері жұмыс істеп келеді. Екі жыл бұрын осында келіп, ойнап жүрдім. Ұтылып, инсульт алған соң қойдым. Бірақ қазір жастар осы жерден шықпайды. Онысы дұрыс емес. Бұл істі тоқтату керек”, – дейді Жұмахан Тұрғамбеков.

Ойыннан аузы күйген азамат полицейлерге ауызша арызданып та көрген екен. Бірақ онысынан нәтиже шықпаған. Бүгін үйреншікті жерлерді бір аралап шығып, тәртіп сақшыларын шақырды. Учаскелік инспектордан бастап, криминалистер, тіпті шұғыл топтының басшылары жеткенімен, полицейлер топырлаған күйі табалдырықтан ары қарай аттай алмады.

Ұзақ уақыт есік алдын күзеткен полицейлер келушілер мен қызметкерлері бар астыртын ойынханадан адамдарды сыртқа шығармастан есікке мөр басып кетіп қалды. Енді олар жиналған материалдарды мемлекеттік кіріс департаментіне жолдамақ. Осыдан кейін ғана рұқсат етілмеген жерде астыртын ойынхана ашқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық «Барби» қыздың жалаңаш суреттері желіде дау туғызды (фото, видео)

Уақытша тіркеу деген не және ол үшін қандай құжаттар керек?

Ұйықтап кеткен жолаушыны зорлағаны үшін такси жүргізушісін соттады

Тіркеуге тұрмаған азаматтарға 7 қаңтардан бастап айыппұл салынады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар