Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада екі автобус соқтығысты

Астана қалалық ІІД таңертең елордада екі жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол-көлік апатына қатысты түсініктеме берді.

жол
Құқық қорғаушылардың мәліметтері бойынша, 2 наурызда шамамен 08 сағат 20 минутта Қабанбай батыр даңғылы бойымен келе жатқан № 12 бағдардағы «Маз 203067» автобусының жүргізушісі рульге ие бола алмай, «Астана Арена» стадионының алдында аялдамада тоқтап тұрған № 43 бағдарындағы «Лиаз» автобусымен соқтығысқан.

«Жол-көлік апатынан зардап шеккендер жоқ, емханаға ешкім хабарласпады. Тексеру жүргізілуде», – деп атап өтті ІІД баспасөз қызметі агенттік тілшісіне берген сұхбатында.

Талқылау